Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Текелі қалалық мәслихатының VII-шақырылымындағы кезекті сессиясы өтті


27 августа 2021, 07:49 | 901 просмотр



Жуырда Текелі қалалық мәслихатының VII шақырылымының кезекті сессиясы өтті. Сессияға Текелі қаласының әкімі Батыр Молдахметов, мекеме басшылары және қалалық мәслихаттың депуттары қатысты. Отырысты Текелі қалалық мәслихатының хатшысы Николай Калиновский жүргізді.

Күн тәртібінде Текелі қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсанындағы «Текелі қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» №56-329 шешіміне өзгерістер енгізу, Текелі қаласының басқару схемасын бекіту және Текелі қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы мәселелер қаралды. Аталған сұрақтар бойынша Текелі қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысы Жұлдыз Жуванышева мен Текелі қалалық мәслихатының аппарат басшысы Дулат Сембаев баяндама жасады.

Автор:
Баспасөз хатшысы.