27 августа 2021, 07:50 | 1 064 просмотра
Ағымдағы жылы Киев қаласында (Украина) комбат джиу-джитсудан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Әлем чемпионаты өтті.
Жерлестеріміз 6 медальға қол жеткізді. Киев мемлекетінде өткен халықаралық турнирден Текелі қаласының споршылары жеңіспен оралды. Байрақты бәсекеде 10 елдің спортшылары бақ сынады. Қарсыластарының қарқынына қарамай жерлес спортшылар өздеріне артылған сенімді ақтап қайтты. Чемпиондарымызды құшақ толы гүлмен ата-аналар мен бапкерлері қуанышпен күтіп алып, ақ тілектерін жолдады.
«Осындай жетістік үшін біз өте қуаныштымыз.Өйткені жарысқа көптеген спортшылар қатысты. Әрбірі әр елдің менмін деген мықтылары. Әрқайсысы жеңіске жеткісі келеді. Біз бұл жарысқа біраз дайындалдық , есесін осындай нәтижеге қол жеткіздік »-деді спортшыларымыз.
Текелі қаласының «ОРМБЖМ» КММ-нің спортшыларының жетістіктері (full contact):
- Сенбай Шұғыла (14-15 жас, 58 кг салмақта)-Іорын
- Бөрібай Аяла (16-17 жас, 53 кг салмақта) - ІІ орын
- Медетова Айнур (14-15 жас, 58 кг салмақта) - ІІ орын
Cloos contact:
- Медетова Айнур- І орын
- Амангелді Рахым (14-15 жас 70 кг салмақта) І орын
Бөрібай Аяла- І орын
- Сенбай Шұғыла- ІІ орындарын қанжыларына байлап келді.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келгендердің ішінен суырылып, төрешілердің көзіне түсу оңай емес. Әлемдік доданың жеңіс дәмін татқан Текелі қаласының спортшылары, алдағы уақытта да жағымды жаңалықтардың көбейетінін айтады.