Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру


27 августа 2021, 07:59 | 1 567 просмотров



«Текелі қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған (қысқа мерзімді кәсіптік курстары) халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және жүгінген сәтте Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеген адамдар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып табылады.
Бұл ретте үміткерлер қатарынан атаулы әлеуметтік көмек алатын, табысы аз және (немесе) көпбалалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ оралмандар мен қоныс аударушыларға «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өту немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқу талап етілмейді.
Мемлекеттік грантқа үміткер кәсіпкерлер үшін заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі Бағдарламаның өңірлік операторына мемлекеттік грант алу үшін жүгінген сәтте бір жылдан аз болуға тиіс.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар бизнесті іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде 200 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі.
Келесі мекен-жайға хабарласу: «Текелі қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі, Ғарышкерлер көшесі, 8 (3 қабат «Қазақтелеком» АҚ ғимараты),
тел 8(72835)-42941