27 августа 2021, 08:02 | 2 294 просмотра
Жердегі апаттың, қасіреттің бірі – адамның қадағалауынан шығып кеткен өрт, ол жер бетендегі бар тірі жанның бірінші жауы. Өрттің артында қалатын - қайғы мен қасырет және өртенген заттар қалдығы. Қадағаланбайтын өртте аңдар мен ќұстар, өсімдіктер жойылады, адам қолымен салынған ғимараттарға, адамның өмірі мен денсаулығына қатер төнеді.
Сіріңкемен ойнаған қараусыз бала, өшірілмеген от немесе тасталған темекі өрт қауіпін төндретінін әдетте ойламаймыз.
Тағы да бір өрттің басты себептерінің бірі от ошақтарын пайдаланудағы салақтық. Күз мезгілі жақындап келеді әр үй иесі жылыту пештеріне сынған жерлеріне сылақ жұмыстарын жасап және ыстармен күлден тазартуы қажет.
Тек қана өрт қауіпсіздігі ережелерін тиянақты орындау, отты пайдалануда сақ болу, адам қауіпсіздігіне кепілдік бере алады.