Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АНА ТІЛІМ – АР-ҰЯТЫМ


8 октября 2009, 06:24 | 2 621 просмотр


«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген Елбасы сөзінен кейін мемлекеттік тілді өркендету, оған деген қажеттілікті сезіндіру, өзге ұлт үйретуде жаңа бағыт-бағдар беріліп жатыр. Мемлекеттік Тіл туралы Заңның қабылдағанына 20-жыл толуына орай өз тілімізге деген қажеттілікті сезіндіру арқылы қазақ тілін сұранысқа ие бола алатындай дәрежеге жеткізуіміз керек. Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретуде жаңа бағытта, жаңа мүмкіншіліктерге ие бола отырып өз салт-дәстүрімізді, тәлім-тәрбиемізді бере отырып жаңа белестерге жеткізу болып саналады. Қазақстан жаңа белестер кезеңінде, жаңа биіктерге көтерілу кезінде өз тілімен өркендей алатын мүмкіншіліктерге жету керек.

Тілді өркендетуді балабақшадан бастау керек дейді, балабақша қызметкерлері аянып жатқан жоқ. Қазіргі кезде мемлекеттік тілге бет бұрып жатқан өзге ұлт өкілдері баршылық, балабақшаға балаларын орналастыра алмай жатқан ел қаншама, ал, орналастырғандар ше, олар мемлекеттік тілді меңгеруге емес, баламыз балабақшаға барса болды деген ұғыммен береді. Балабақшада жүріп қазақ тілінде үйренгенімен, шыға бере өз тілдерінде сөйлесіп бара жатқан ата-аналар мен балаларды көргенде күні бойғы жасаған еңбегің далаға кеткендей күй кешесің. Өйткені ата-анасының жұмыс жасап үйренбегенімен қоймай балаларына қазақша сөйлеме деп ұрсып жататын ата-аналарда тәрбиешіге жат қылық, ал «маған қазақша сөйлеме деп айтқан» деп отырған балаға не дейсің? Ұлтшыл орыс халқы алға басқан адымымызды кері тартып жатса оған не дейсің? Бұлда көп ұлтты мемлекетімізге сыртқы жақтан жасалып жатқан саясат сияқты, санамызды жаулап алған орыс тілін ары қарай дамыта түсу емес пе? Бұл жерде біз еш нәрсе тындырып жатқан жоқпыз деп айтпақ емеспіз, әр сабақ сайын бойларына сіңіре, қайталап отырамыз: мемлекеттік тіл қай тіл? Отанымыз қалай аталады? Біздің рәміздеріміз қандай? Елбасы кім? Ұлттық ойындарымыз қандай?

Мемлекеттік Тіл туралы заңның 20-жыл толуына орай балабақшамызда «Тіл айлығы» өтіп жатыр барлық ұжым ат салысып отыр. Өзге ұлт өкілдері балаларымен қазақтың салт-дәстүрін, тілін, тәлім-тәрбиесін айғақтайтындай сабақтар, ертеңгіліктер, көріністер, қойылымдар, дөңгелек үстел өтіп жатыр. Жоспарға сай, бұл айлықта ата-аналар арасында «Отбасыңызда мемлекеттік тілдің қолданылу аясы қандай?» деген сұрақ бойынша сауалнама жүргізуде бар. Бұл арқылы біз, біздің тәрбиеленушілеріміз қаншалықты өз отбасында қазақ тілін қолданатынын біле аламыз. Қазақ тілі сабағында ұлттық ойындарды қолдана отырып, өз халқымыздың құндылықтарын дәріптеп, бала бойына сіңіре аламыз. Жас кезінен ұлттық тәрбие бойына дарыған бүлдіршін өз халқының салт-дәстүрін кеңінен насихаттап өз болашағын да қолдана алады. Сонымен қатар, балабақшадағы қазақ тілі сабағы өзге ұлт өкілдері балаларының қазақша сөйлеп үйренуіне көп көмек береді. Балабақшада жасалынып жатқан жұмыстар аз емес, тәрбиешілер де аянып жатқан жоқ, әр өзге ұлт өкілі баласымен сөздік, жеке, топтық жұмыстар жүргізіледі.

«Ана тілім – ар-ұятым» деген сөз ұранға айналатындай кезең жетті. Ендеше неге ана тілімізд дамытуда шорқақтық танытып отырмыз? Өткен тарихпен бүгінгі заманның ерекшеліктерін болашақ ұрпаққа жеткізу - біздің борышымыз. Бүгінгі болған оқиға - ертеңгі шежіре. Осы шежірені ертеңгі ұрпақтың қай тілде немесе қандай түсінікте қабылдайтыны бізге белгісіз. Қасиетті тілімізді ары қарай дамыта түсу, бұрынғы бар байлығы мен қалыптасқан нормаларын бұзбай сақтау бүгінгі парызымыз ғана емес, ертеңгі ұрпақтың алдындағы жауапкершілігіміз.

Автор:
Б. Қ.Бақалова «Балдәурен» балабақшасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ескелді ауданы