Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Мектепке жол» акциясы: облыс депутаттары 25 миллион теңгеден астам қаржыға көмек көрсетті


9 сентября 2021, 08:52 | 369 просмотров



«Республиканың барлық аймағында жыл сайынғы дәстүрлі түрде өтетін «Мектепке жол» акциясына жетісулық халық қалаулылары да өз қолдауын көрсетіп, көмек қолын созып келеді. Облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаевтың аталған акцияға қолдау көрсету бастамасы депутаттар тарапынан өз жалғасын тауып, облыстық, аудан-қалалық мәслихат депутаттары акцияны үлкен қаладан бастап шалғайдағы ауылда тұратын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектесті», - деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, өңіріміздегі 219 депутат 25 832 600 теңге қаражатқа 1107 баланы толыққанды мектеп құралдары, аяқ киім және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз етіп, үлестерін қосты.

Жалпы, бұл акция өз жалғасын табады. Өңірде 359 депутат тек бұл науқан аясында ғана емес, өткізіліп жатқан депутаттық қабылдаулар, кездесулер, әлеуметтік желіде өтетін тікелей эфир нәтижесінде меценаттық, қаржылық-материалдық жағынан да өз көмектерін көрсетіп келеді.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі