9 сентября 2021, 09:14 | 734 просмотра
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларының тиімділігі, жасалған фактілерге уақтылы ден қою мақсатында тәулік бойы 1424, 24/7 Call-орталығы жұмыс істейді, яғни түнгі уақытта, демалыс күндері сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы елдің кез келген жерінен "1424"Call-орталығы арқылы хабарлай аласыз. Орталық қызметкерлері азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді, келіп түскен өтініштерді одан әрі талқылау үшін өңірлік департаменттерге дереу береді.
Қабылданған шаралар, оның ішінде қылмыстық-құқықтық ортада, өзінің өзектілігі мен қажеттілігін көрсетеді. Азаматтардың әлеуметтік салаға қатысты өтініштері тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге мүмкіндік береді.
Өткен кезеңде ғана Алматы облысы бойынша call-орталығына 57 өтініш келіп түсті:
Мысалы:
Жалпы, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейі бұрынғысынша тұрақты жоғары. Аталған факті Call-орталыққа келіп түскен өтініштердің саны бойынша дәлелденеді. Қазір барлық өтініштердің жартысынан көбі білім беру жүйесіне тиесілі.
Құрметті азаматтар! Егер сіз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, факті туралы агенттіктің Call-орталығы – 1424-ке хабарлауыңызды сұраймыз.