Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БАСТЫ МАҚСАТ – ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУ


10 сентября 2021, 03:37 | 989 просмотров



Ағымдағы жылы үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Волонтерлар лигасы» қоғамдық қорынының ұйымдастыруымен жастардың туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, экологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында «Таза ойнап жарысайық» атты экожорық өтті.

Акцияның мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын дамыту, жастардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау, қала жастарын, тұрғындарын тазалыққа шақыру, еңбекқорлыққа баулу. Тазалық шарасында қаламыздағы ерікті жастар демалыс аймағының маңайын қоқыстан тазалап, ретке келтірді.
Жастар ресурстық орталығының жетекшісінің міндетін атқарушы Әбілмансұр Болатбекұлы: «Біз, адамдар, барлық сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, әсемдікті табиғаттан үйренеміз. Сондықтан, біз де табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарауымыз керек. Қаламыздың тазалығы өз қолымызда»,– дейді.

Автор:
Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ.