Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс


13 сентября 2021, 09:54 | 193 просмотра



Әскери ортада құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында, Сарыөзек гарнизонында орналасқан Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскери полиция маманының қатысуымен жиын өтті.

Аталған жиынға Сарыөзек гарнизоны әскери полиция бөлімі мен Кербұлақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында гарнизонның аумағында жүзеге асырылып жатқан «Адалдық алаңы», «askeri-senim.kz» туралы жобаларының жұмысын жеткізіп, пайдаланушы нұсқаулығымен таныстырды. Сондай-ақ осы жобаларды қажетті жағдайда қолдану жолдарын жан-жақты түсіндірді.

– Жеке құрамдарға профилактикалық сабақтар өткізу арқылы, әскери қызметкерлер арасында қылмыстың алдын алу, оған тосқауыл болатын осындай шаралар жақсы нәтиже береді, – деді әскери полиция өкілі әділет аға лейтенанты Ерсайын Қасенов.

Қатысушылар құқық бұзушылықты төмендету бойынша өзекті мәселелерді талқылап, қызықтырған сұрақтарға тиімді жауаптарын алды.

Автор:
майор Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы