Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Мектепке жол» қайрымдылық акциясы


13 сентября 2021, 09:58 | 187 просмотров



Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Сарыөзек ауылында орналасқан Кербұлақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшылығының бастамасымен «Мектепке жол» қайырымдылық  акциясы ұйымдастырылды.

Акция аясында Сарыөзек ауылындағы білім ошақтарындағы көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға мектепке қажетті заттар табысталды. Атап айтқанда, сөмке, арнайы форма, дәптер, қаламсап сынды заттар.

Аталған шараның мақсаты – тұрғындардың арасынан әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қамқорлық жасау және олардың отбасы мүшелеріне көмек көрсету болды.

Аталмыш қамқорлыққа ие болған ата-аналар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, Отан қорғау істеріне сәттілік тіледі.

- Ұрпағымыз білімді, сауатты болып өсуі үшін біз – үлкендер аянбай еңбек етіп, оларға әрқашан қамқорлық танытуымыз қажет, – деді  Кербұлақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы подполковник Болат Омаров.

Өткізілген іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып ұйымдастырылды.

Автор:
майор Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы