Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ


17 сентября 2021, 03:57 | 785 просмотров



Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов Текелі қаласында жаңадан бой көтеріп жатқан бірқатар құрылыс нысанын аралап, елді мекенде газдандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды саралады.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары бірінші кезекте қаламыздағы Әл-Фараби және С.Сейфуллин көшелеріндегі 40 пәтерлі екі үйдің құрылыс жұмысымен танысты. Әл-Фараби көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысына Ұлттық қордан 322434,0 мың. теңге, облыстық бюджеттен 196163,0 мың теңге бөлінсе, С.Сейфуллин көшесіндегі 5 қабатты 40 пәтерлі тұрғын үйге Ұлттық қордан 361886,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 182185,0 мың теңге бөлінген. Екі үйді салу жұмысын «Шымыр» ЖШС міндетіне алған.
Әрине, «Шымыр» ЖШС облысымызға танымал, құрылыс салу бағытында тәжірибесі мол. Нысандарды аралап көрген Лаззат Махатұлы құрылыс жұмыстарының сапасына мін тақпады. Қайта қаңқасы қаланып, бөлмелері бөлінген үйлерді аралап көріп, жақсы бағасын берді. Дегенмен, С.Сейфуллин көшесіндегі үйдің инженерлік-коммуникациялық желілерін тарту жұмысын міндетіне алған компанияның әлі күнге дейін өз деңгейінде жұмыс жасамағанын сынға алды. Сондай-ақ, тұрғындармен кездесіп, қаланы газдандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысып, орын алған кемшіліктерді бағамдады.
Текелі қаласындағы бірнеше нысанды аралаған Лаззат Махатұлы нәтижелі жұмыстарға оң бағасын беріп, кемшіліктерді түзетуді тапсырды. Аудан және қала әкімдерінің алдағы жұмысына бағыт-бағдар берді.

 

Автор:
Ақпарат көзі: Jetisý газеті, Қажет АНДАС