Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бизнеске көрсетілетін қолдау қуантады


17 сентября 2021, 03:59 | 1 180 просмотров



Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы таяу болашақтағы қызметіміздің бағытын нақтылап, алдағы күнге зор міндет жүктейді.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Қазақстанның әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін қабылдануы керек нақты шараларды атап көрсетті. Елімізді ғана емес, бүкіл әлемді жайлаған коронавирус індеті ел экономикасына өз зиянын тигізбей қоймады.
Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайына қатысты үкіметке жұмыс берушілерді жалақы қорын көбейтуге ынталандыру мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды. Болашақта оң шешімін тауып орындалса, мұның халық үшін жағымды жаңалықтардың бірі болары анық. Себебі, кәсіпкерлік бағытта қызмет етіп, халық тұрмысымен етене жақын жандардың бірімін. Ел экономикасының дамуы қашанда қарапайым тұрғындардың әл-ауқатының өсуінен көрінеді. Ал тұрғындардың әлеуеті ең әуелі олардың табыс көлемінің артуына байланысты екені анық.
Биылғы жылы қаламыз бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту», «Еңбек» бағдарламалары аясында «Бастау бизнес» жобасы арқылы 91 адам дәріс алды. Жол картасынының даму бағдарламасы бойынша 2 адам қайтарымсыз несие алып, өз кәсіптерін ашты.
Президентіміз ең бастысы осы Жолдауда алға қойған мақсаттарға жетуде ел бірлігінің қашанда маңызды екендігін атап өтті. Олай болса, бағытымыз айқын, болашағымыз жарқын. Тек бірлігіміз әркез бекем болып, Жолдауда көрсетілген бастамаларға қол жеткізуге бірге атсалысайық, дегім келеді.

 

Автор:
Айман Акажанова,Текелі қалалық кәсіпкерлер палатасыныңмемлекеттік бағдарламаларбойынша кеңесшісі