Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жолдау - жастарды қанаттандырады


17 сентября 2021, 04:00 | 1 098 просмотров



Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылдағы дәстүрмен жасаған биылғы Жолдауы – еліміздегі саяси оқиғалардың ең маңыздысы ретінде қабылданатын тарихи құжат. Жолдаудан Қазақстан халқы үлкен үміт, жақсылыққа ұмтылыс, жаңалық күтіп үйренгені де рас. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеруге бағытталған биылғы Жолдауда әлеумет әлеуетін дамытуға арналған бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.

Әр жолдау сайын мемлекет жастардан қолдауын аяған емес. Ғылым, өнеркәсіп, өнер, білім, жалпы барлық салада мемлекеттік грантпен шетелде білім алған білікті жастардың қатары артып келеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолғы Жолдауында да мұғалімдерді қолдау саясаты жалғаса беретінін айтып, ғылымға қолдау көрсету туралы тапсырмалар берді. «Ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту мәселесін қарастырған жөн. Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдерінің әділдігі туралы мәселе де күн тәртібінен түспей тұр. Осыған орай, апелляция институтын енгізу қажет деп санаймын. Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласы алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр», – деген Президент ғалымдарымыздың ғылыми жобаларды қысқа уақытта жоспарламай, нақты нәтижеге қол жеткізуге қажетті уақыт мәселесін шешті. Ендігі жерде мемлекет тарапынан оларға қолдау көрсетілгені сөзсіз қанаттандыратын болады.
Биылғы жылы қаламызда жастар орталығы бой көтермек. Бұл бастама да ғылым мен білімге ұмтылған жастарымыз үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан зор мүмкіндік деп білемін. Еліміздің дамуы алдындағы барлық міндеттердің жемісті жүзеге асырылатынына кәміл сенемін.

Автор:
Әбілмансұр Болатбекұлы,Текелі қалалық жастар ресурстық орталығының маманы