Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Талайды тамсандырған Талдықорған!


23 сентября 2021, 07:01 | 1 327 просмотров



Алматы облысының орталығы, әрі бас қаласы Талдықорған - бүгінгі күні Жер жаннаты Жетісу дамуының символы.

Қаламызды барша ел азаматтарына, шет елдіктерге көрсетер сәулетті ғимараттары мен жасыл орманды жайқалған аллеялары, бір сөзбен айтқанда әр адамға қолайлы қала екенін көрсетіп отыр!

Талдықорған қаласы - қайта түленуі жолында үлкен кезеңдерден өтіп, бүгінгі 20 жылдығы ол кешегі күні Елбасы Жарлығының жарқын жемісі, әрі нәтижесі болып қала бермек.

Сенімнен күмән басым болып, еліміз үшін қиын кезеңдерде облыс орталығын көшіру шешімі батыл бастама екені уақыттың өзі растап отыр.

Бұл бастаманың 20 жыл ішінде жүзеге асып, Жетісу өңірінің мақтанышы болды. Алматы облысының орталығы өзінің мәртебесіне сай нағыз шаhар болып қалыптасып, қазіргі таңда даму жолында одан әрі де үлкен жобалар іске асуда.

Барша Жетісулықтарды, әрі Талдықорған қаласы азаматтарын облыс орталығының дамуы жолындағы қосқан үлестеріңізге, еңбектеріңізге, жалпы қаланың әр кірпішінің қалануында ат салысқандарыңызға алғысымды білдіремін.

Облыс орталығы одан әрі қарқынды дамып, жаңа жетістіктерден көрініп, игі жоспарлардың орындалуына тілектеспін!

Автор:
Құрметпен, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Жөргенбаев