Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту


27 сентября 2021, 09:39 | 492 просмотра



2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда «оралман» термині ресми түрде «қандас» деп ауыстырылды. Бұл мәртебені ХҚО арқылы да алуға болады.

Ол үшін сізде келесі құжаттар болуы керек:
- толтырылған өтініш (үлгісін Egov-тан жүктеуге болады)
- еркін түрде жазылған өмірбаян
- сіздің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың қазақ немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмелері
- жергілікті атқарушы органның мәртебе беруге келісімі
- Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі фотосуреті
Егер барлық құжат дұрыс болса, мәртебе 5 жұмыс күні ішінде беріледі. Мәртебенің жарамдылық мерзімі бір жылды құрайды, содан кейін оны ұзартуға немесе ҚР азаматтығын алуға құжаттар тапсыруға болады. Толық ақпарат алу үшін 1414 call-орталығына хабарласуға болады.
Қандастар – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін шетелдегі тұрақты жерінен елімізге оралған этникалық қазақтар. Қазақстанға келгеннен кейін оларға «Қандас» мәртебесін алу қажет.

Автор:
«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша Филиалының Текелі қалалық халыққа қызмет көрсету бөлімі