Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ОБЛЫСТЫҢ КОЛЛЕДЖДЕРІ МЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАСЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢДЕҢГЕЙІ АНЫҚТАДЫ


30 сентября 2021, 10:02 | 826 просмотров



Сыбайлас жемқорлықты анықтау мақсатында, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында анонимді сауалнама әдісімен әлеуметтанулық зерттеулер жүргізілді.

Әлеуметтік сауалнамаға Алматы облысынан барлығы 4290 студент қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық деген не, және оның себептері деген сұраққа 99,3 пайыз студенттер дұрыс жауап берді.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан студенттердің 35,1 пайызы қаржылық бақылау сыбайлас жемқорлықпен күресудің ең тиімді әдісі деп санайтынын атап өткен. Студенттердің 21,3 пайызы білім алып жатқан оқу орындарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының бар екендігін белгіледі.Жемқорлықтың түрлері мемлекеттік емтихандар өткізгенде көбінесе болатындығы туралы 46,2 пайыз студенттер жеткізді. Сыбайлас жемқорлықтың фактілері туралы хабарлауға дайынсыз ба деген сұраққа респонденттердің 30,6 пайызы келіскен, сондай-ақ, студенттердің 25,3 пайызы тек жасырын түрде хабарлауға дайын екендігін білдірді.

Жалпы алғанда, Алматы облысының білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыс оң үрдістерге ие екендігі көрсетілген, бірақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бағдарламаларын одан әрі жетілдіру және оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты күшейту қажеттілігі бар. 

Автор:
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі