Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Бекет-2021» ірі ауқымды оқу-жаттығуы өтті


30 сентября 2021, 10:06 | 976 просмотров



Жаркент гарнизоны маңындағы «Көктал» оқу-жаттығу полигонында «Бекет-2021» Десанттық-шабуылдау әскерлері және ведомствааралық топтасулардың құрамында кризистік жағдайларда әрекет ету бойынша кешенді оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты еліміздің Оңтүстік өңірдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтау болды.

Оқу-жаттығу үш кезеңнен тұрды. Атап айтсақ, әскери қауіптер күшейген жағдайда дағдарыстық жағдайды бейтараптандыру бойынша іс-шараларды орындауды, соғыс жағдайында және соғыс уақытында іс-шараларды орындауды соғыс уақытында тікелей сыртқы қауіптер туындаған кезде жергілікті басқару органдарының, орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің дағдарыстық жағдайды бейтараптандыру бойынша тәжірибелік іс-қимылдарды ұйымдастыру.

Айтулы оқу-жаттығуға Қарулы Күштерден басқа «Бекет-2021» ведомстоаралық кешенді оқу-жаттығуы шеңберіндегі іс-шараларға қатысқан басқа да мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері тартылды.

Қыркүйек айының басында басталған оқу-жаттығуда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жеке құрамы күндіз және түнгі кезде өздеріне берілген тапсырма бойынша атыс қаруларынан оқ атып, кез-келген жағдайға дайын екендіктерін дәлелдей отырып, шеберліктерін көрсетті.   

Жаттығу барысында, олар, облыстағы төтенше жағдайды жою бойынша өңірлік жедел штаб іс-қимылдары, облысты бейбіт уақыттан соғыс уақытына ауыстыру, соғыс жағдайы жарияланғаннан кейін облыстың қорғаныс кеңесінің қызметін ұйымдастыру, аумақтық әскерлердің бөлімшелерін жұмылдыра (арнайы) өрістету, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің стратегиялық объектілерінің күзеті мен қорғанысы сонымен қатар түрлі кризистік жағдайларда ақпараттық қамтамасыз етуді және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс ұйымдастыру жағдайлары қарастырылды. 

Сонымен қатар ведомствоаралық топтасулардың бөлімдер мен бөлімшелерді қолдану тақырыбы бойынша жедел-тактикалық оқу-жаттығу келесі сұрақтарды қамтыды, олар Мемлекеттік шекарадан қашқындардың жаппай өтуіне жол бермеу, уақытша өткізу пунктінің жұмысын шекара кеңістігінде мемлекеттік шекара арқылы жүзеге асыру, шекара учаскісінде шағын топтардың, заңсыз қаруланған құралымдардың қарумен шабуылдауына тойтарыс беру іс-қимылдары пысықталды.

- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерін жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру, әскерлердің топтасуын өрістету, арнайы әскери іс-қимылдарға дайындалу және жүргізу тақырыбы бойынша тактикалық оқу-жаттығулар осы кешенді оқу-жаттығуда жан-жақты шыңдалды, - деді Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов. 

Аталған оқу-жаттығуға Алматы, Талдықорған, Қапшағай, Жаркент және Сарыөзек гарнизондарынан 1000-нан аса әскери қызметшімен 100-ден аса техника қатысты.

Автор:
майор Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы