Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Құрметті текеліліктер және аға буын өкілдері!


4 октября 2021, 05:25 | 1 243 просмотра



1 қазан күні қалыптасқан дәстүр бойынша бүкіл әлемде Қарттар күні аталып өтеді. Қай заманда болмасын қоғамда қарияларға деген құрмет, ізет-ілтипат ерекше болған, олардың даналықтары мен өмірден түйген мол тәжірибесіне ден қойып отырған.
Біз әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Әркез алдыңғы буын аға-апаларымыздың ел дамуы жолындағы ерен ерлігі мен қажырлы еңбегін үлгі тұтамыз. Өйткені, ғұмыры ғибратқа толы ардақты ардагерлердің жүріп өткен жолы – өнеге мен тағылым мектебі.
Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Олар бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсады. Кейінгі буын да өз кезегінде алдыңғы толқын ағалардың салған сара жолын лайықты жалғастырып келеді.
Қадірлі ардагерлер!
Баршаңызды шын жүректен даналық пен ізгіліктің мерекесі – Қарттар күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тілейміз. Әр уақытта сүйікті балаларыңыз, сүйкімді немерелеріңіз бен қамқор замандастарыңыздың ыстық ықыласына бөлене беріңіздер!

Автор:
Б.Молдахметов, Текелі қаласының әкімі; Н.Калиновский, қалалық мәслихат хатшысы