Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жастар - дамушы елдің болашағы


8 октября 2021, 05:14 | 408 просмотров



Біз, Қазақстанның жас және ерікті азаматтары, қуатты, өркениетті ел құра отырып, келешек Қазақстанды әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарынан көреміз. Елбасымыздың идеяларын іске асыруда, жас қауымға жол бастаушы біз боламыз. Біздің миссиямыз – барлық жастарға табысқа жету жолын ашу және Қазақстанның өткенін бағалайтын, бүгінгі күні батыл қимылдап, келешекке сеніммен қарайтын табысты азаматтардың жаңа буынын қалыптастыру.

Елбасымыз, Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Жаhандық тұрақсыздықтың негізгі қауіп-қатері – жұмыссыздықтың өсімі. Іс жүзінде жұмыспен қамту мемлекеттік те, сала аралық та, барлық елдегі жүзеге асырылатын бағдарламаларды қамтуы тиіс, сондай-ақ бір бөлігін ғана емес, тұтастай қамтылуы қажет».
- жастар арасындағы жұмыссыздық;
- еңбекке әлеуметтендіру тетігі;
- мектеп түлектеріне жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру.
Бүгінгі күні Текелі қаласында 33400 ден астам тұрғындар болса, оның 7005 жастар. Оның ішінде 215 ауылдарда, Жұмыссыз жастар саны 66, студент жастар саны 4744.
«Текелі қаласының жастар ресурстық орталығы» «Жас Отан» Жастар қанатымен Текелі қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» сервистік техникалық колледжі «Сәтті қадам » партиялық жобасын жүзеге асыру аясында партиялық шаралардың маңыздылығын насихаттау және тұрақты әріптестік орнатуды назарға ала отырып, меморандуммен келісілді. Меморандумның басты бағыты жоғары білім мен жетім балалар арасында техникалық және кәсіптік білім беру, түлектерінің жұмыспен қамту бойынша жұмыс болып табылады.
«Дипломмен ауылға»
2021 жылы шілде айына«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 13 жас маусымдық қызметке орналасып, 1 тонна тұрмыстық қалдықтар, 350 метр арықтар тазартылса,100 жуық ағаш әктеу жұмыстары жүзеге асырылды.
Жыл басынан бері «Текелі қаласының жастар ресурстық орталығына» 14-29 жас аралығында 72 жас кеңес сұрап келіп тіркелінді. Жалпы кеңес сұрап келген жастардың мәселесі ол-қолжетімді баспана бойынша -23 жас, жұмысқа орналасу мәселесі бойынша-39 жас, кәсіпкерліктті дамыту, ашу сұрақтары бойынша-5 жас және өзге сұрақтармен (серпін, дипломмен ауылға, т,б) сұрақтар бойынша- 5 жас кеңес сұрап келді. Бұл жастарға орынды және дұрыс кеңес беріліп, сұраныстары қанағаттандырылды.
«Текелі қаласының жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен 2021 жылы 850 жасты қамтыған 100 шара өткізілді. Атап айтқанда азаматтық-патриоттық бағыт бойынша – 28, рухани-адамгершілік бағыты бойынша – 17, отбасы тәрбиесі жөнінде - 7, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша – 10, дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша – 14, мәдениет және өнер саласы бойынша – 8, білім саласы бойынша – 8 іс - шара ұйымдастырылды. Республикалық, облыстық, аудандық БАҚ беттерінде жыл басынан 10 мақала беріліді.
«Текелі қаласының жастар ресурстық отралығының» интернет жиелісінде жеке парақшалары ашылған, атап айтқанда facebook, ВКонтакте, Instagram сайттарында Республика, облыс, аудан және ауылдық өңірлерде өткізіліп отырған шаралар жүктеліп, әрдайм жаңартылып барша оқырмандардың назарына ұсынылып отырады. Бүгінгі күні Instagramда 1000 ға жуық тұрақты оқырмандарымыз тіркелген. Интернет жиелісіне спорттық, мәдени, акциялар мен форумдар және кездесулер жайлы ақпараттар толыққанды ұсынылып күнделікті жаңартылып отырады.
Қала аумағында жастардың достық қарым қатынасын ұлғайту, жастардың уақытын тиімді пайдалануды үйлестіру, қоғамның әлсіз топқа деген мейрімділігін көрсете отырып, қоғамдағы теңдікті сақтау, өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні бар құндылықтарды насихаттау, дәстүрлі емес діни жат ағымдарға жастардың, жұмыссыздардың тартылуының алдын алу бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Қала жастарының уақытын тиімді пайдалану мақсатында ардайым спорттық, мәдени іс-шаралар мен акция, форумдар өткізіліп отырады. Жастар арасында өзекті проблемалары мен қоғамда орын алған мәселелерге байланысты кездесулер мен жиындар өткізіліп тұрады.
Жастардың патриоттық сезімдерін ояту аясында үздіксіз арнаулы шаралар жүргізіліп отырады, атап айтқанда аудан көлемінде «Мейірімді істен қалт қалма» «Ардагерлерді ардақтайық» акциялары үздіксіз өткізіліп келеді.
Облыстық рейтингтік көрсеткіші бойынша Текелі қаласының жастары үздіктер қатарында тұрғанын атап өткен жөн, себебі бұндай жетістік барша қала жастарының еңбегінің жемісі болып табылады.
Біз жастар Елбасының тапсырмасына сәйкес жастар саясатын жүзеге асыруға. Отанымыз, Еліміз, Жеріміз үшін еңбек етуге дайынбыз!

Автор:
Айбек Қалиахмет,Текелі қалалықжастар ресурстықорталығының жетекшісі