Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЛА ЖАСТАРЫ ҚАРТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ


8 октября 2021, 05:15 | 1 076 просмотров


Дана халқымыз «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» - деген. Біз әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпақтарымыз. Бүгінде еліміздің өсіп-өркендеуі мен гүлденуі аяулы қарияларымыздың өшпес ерлігінің арқасы.

Аға буын өкілдеріне көрсетілер құрмет пен ілтипат қашанда ерекше. «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық акциясы аясында қала жастарының және «Жас Отан» жастар қанатының Текелі қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Карттарым - қазынам» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Шара барысында Текелі қалалық жастар ресурстық орталығы зейнеткер Бисара әжейдің қал-жағдайын сұрап, мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ еріктілер үйінің айналасына тазалық жұмыстарын жүргізіп, қолғабыс етті.
«Қарттарымыз – еліміздің алтын қоры. Біз әркез алдыңғы буын аға – әпкелеріміздің ел дамуы жолындағы ерен ерлігі мен қажырлы еңбегін үлгі тұтамыз. Мереке аясында карт әжелеріміз бен ардагерімізге қуаныш сыйлап, көмек көрсетуге барынша тырыстық», - дейді Текелі қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбек Қуанышбекұлы.
Өмірі өнегеге толы қарттарымызды құрметтеу барлық азаматтың абыройлы міндеті. Ғұмыры ғибратқа толы ардагерлердің жүріп өткен сарабдал жолы болашақ ұрпақ үшін үлгі болып қалары сөзсіз.

Автор:
Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ