Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАРТТАР – ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ


8 октября 2021, 05:19 | 371 просмотр



­­Өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз.

Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында Қазақстанда ардагерлердің жақсы өмір сүруіне көп көңіл бөлінуде. Жыл сайын зейнетақының өсуі, ардагерлерге жасалып жатқан жеңілдіктер қарияларымызды қолдау деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар қаламызда да атқарылуда. Қала әкімдігінің қолдауымен қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өмірі өнегелі қарияларға көптеген құрмет көрсетілуде.
Қарттар күні мерекесіне орай қала әкімі Батыр Молдахметов пен қалалық мәслихат хатшысы Николай Калиновский қаламыздың қоғамдық өміріне белсене атсалысып жүрген зейнеткерлер Ибраимова Гүлнар Қалтайқызы мен Болотова Людмила Юрьевнаны құттықтады.
Сондай-ақ торқалы тоқсан жасты алқымдаған қаламыздың тұрғыны Майнұр әжеймен кездесіп, батасын алып қайтты. Ана алдында бәріміз де бас иеміз, Ана алдында бәріміз де борыштармыз. Майнұр Жақатайқызы 5 бала тәрбиелеп өсірген. Бүгінде ұлын ұясына, қызын қиясына қондырған ақ жаулықты әжей ұрпағынан немере, шөбере сүйіп, қызығына кенеліп отыр. Екі ғасырдың куәсі болған аяулы анамыз ел тыныштығы мен берекесіне жылы лебізін білдіріп, ақ тілеуін жеткізді.
Қарт дегеніміз - ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың да білетіні сондай терең. Қарттарымыз бағасыз байлық, олардың төрімізде отыруының өзі бір бақыт.

Автор:
Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ