Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Өсу немесе Өшу


11 октября 2021, 10:14 | 997 просмотров



Әр адам алдына бір мақсат қою арқылы жетістіктерге жетеді. Мақсатқа жету үшін, алдымен кішігірім болсын қадамдар жасап, өзімізді жеңуіміз қажет. Өзін-өзі жеңу-бұл күш-жігердің, батылдық пен батырлықтың нақты белгісі болып табылады. Өзіңізге жеңімпаз болу үшін күн сайын тауларды бұрудың қажеті жоқ, кішкентай жеңістіктерге жету жеткілікті.

Менің өмірімде маңызды деп санайтын жеңістер көп. Әрбір жеңіс маған өзімді шыңдауға, көшбасшылық қабілетімді дамытуға, сенімділікті сезінуге мүмкіндік береді.

Сіз күшті ерік-жігермен ғана көптеген қорқыныштарды жеңе аласыз. Мысалыға келтіретін болсақ, Сильвестр Сталлоне  — актер, кинорежиссер, сценарист және продюсер. Осынша дәрежеге жету оңай болмағаны хақ. Қанша есікті қағып,  өмірдің қиындықтарына қарамастан,  алға қойған мақсатына жетіп, қазіргі таңда танымал әлемдік актер.

Сильвестр Сталлоне айтады:- «Сіз жайлылық пен әдеттерден бас тартып, бір нәрсені құрбан ету арқылы ғана мақсатқа қол жеткізе аласыз»- делінген.

Қытайлық кәсіпкер, Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Джек Ма: «Мақсатқа жету жолындағы қиындықтарға қарамастан, мақсатынан қол үзбеу керек екенін, нәтижесінде, күш-жігері арқылы марапатқа ие болатынын» айтады.

Біз өзімізді өзгерте аламыз және осы әлемге жақсылық жасай аламыз.   Көптеген адамдар көпшіліктен ерекшеленуге және бұрын ешкім жасамаған нәрсені жасауға батылы бармайды.

Сіз бұрын соңды көрмеген нәрсені көруден қорықпаңыз.  Өзіңізді жеңу арқылы сіз әрқашан өзіңіз қалаған адам бола аласыз.

Адамның ойы және армандары шексіз.  Бірақ көбінесе жалқаулық  пен қорқыныш адамды басқарады. Өмір баға жетпес, оны жалқаулыққа, қорқыныш пен уайымға жұмсамаңыз. Біздің барлық кішкентай жеңістерімізді бір үлкен жеңіске біріктіруге болады.

Тағы бір дәлел өзім бола аламын. Мектеп кездерінен түрлі іс-шараларды жүргізіп, конкурстарға белсене қатысып өзімнің қорқыныштарымды жеңдім. Кейін, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университетіне өзім таңдаған Педагогика және Психология мамандығына оқуға түстім.

Карантин жағдайына қарамастан, онлайн кезінде өзімнің мүмкіндіктерімді пайдаланып Университет іс-шараларына белсене қатысып, өзімді көрсету арқылы  1-курстан бүгінгі күнге дейін Жастар Орталығының «Үйлестіруші» қызметін атқарып келемін , « Саналы студент» студенттік парламентінің  спикерімін .

Тұлға болып қалыптасуыма , өзімді жан-жақты, бәсекеге қабілетті болуға шыңдап жатқан: Университет ректоры Баймырзаев Қуат Маратұлына, Маратұлына ұстаздарым ұстаздарым Сериев Болат Абдулдаұлына ,әрқашан қолдау көрсететін:  Гусенов Бархудар Шахгусеновичқа, Калибек Асем Абайқызына, Дигай Дамир Анатольевичқа, Қалибек Тұрдығазиевичқа, Светлана Бикасымовнаға, Ирина Геннадьевнаға , Салтанат Изтлеуовнаға, Кулмария Нұртаевнаға,  Арзигуль Исмаиловнаға,  Жадыра Жадыра Рахимбековнаға алғысым шексіз!  Әр  адам өз таңдауын өзі жасайды, әрі қарай өсетіні немесе сол қалпында қалып өшетінін де өзі таңдайды. Ал мен өсуді таңдаймын!

Автор:
Мұрат Шұғыла Асхатқызы, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінің 2 курс студенті