Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Өңірлердің мәслихат хатшыларымен кездесу өтті


11 октября 2021, 10:19 | 324 просмотра



«Елорда Нұр-сұлтан қаласында қазанның 7-8 күндері облыстардағы мәслихат хатшыларымен  іс-шаралар өтті», - деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, елордалық мәслихат ғимаратында “Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі” республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы Т.Мұқашев, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Ж.Жөргенбаев, сонымен қатар, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан облысы, Алматы қалалық мәслихатының хатшыларымен бас қосу өтіп, бірқатар мәселелер қаралды. Оның ішінде, кездесуге негізгі арқау «Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауларының талаптары аясында мәлихат депутаттары қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарын жетілдіру» тақырыбы негіз болып, мәслихат хатшыларының кең талқысынан өтті.

Кездесу барысында Жанболат Әкебайұлы Жетісу өңірінде Жолдау аясындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында өз пікірімен алмасып, ұсыныстарын жеткізді.

Назарларыңызға сала кетсек, аталмыш жиындар  14 облыс және республикалық 3 маңызы бар қалалық мәслихатшыларымен бірлесе өткізілуде.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі