Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ел қорғау – ердің ісі


12 октября 2021, 04:43 | 942 просмотра



 Сарыөзек гарнизонында орналасқан Кербұлақ аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінде азаматтарды күзгі әскер қатарына шақыру науқаны басталды.

Күзгі әскерге шақыру науқанын сапалы, әрі уақтылы орындау мақсатында комиссия әр шақырылушыны жеке-жеке қарастырады. Атап айтқанда, алған білімі, мамандығы, отбасы жағдайы, физикалық дайындығы мен моральдық-психологиялық тұрақтылығы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ, денсаулығына баса назар аудара отырып, оны әскер қатарына қабылдау туралы шешім қабылдайды. Жастардың денсаулығы жақсы болса, онда олар Отан алдындағы борышын өтеу үшін қарулы күштер қатарын толтырып, еліміздің әскери бөлімдерінде мерзімді қызметін өтеуге аттанады.

Сондай-ақ бозбалалардың ата-аналарына әскерге шақырудың негізгі міндеттері мен талаптары туралы толықтай түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

- Мен әскерге өз қалауыммен бара жатырмын. Отан алдындағы борышымды өтеу перзенттік парызым деп білемін», – дейді әскер қатарына шақырылушы Бақыткелді Жұмабаев.                                                                                          

Айта кетейік, жыл сайын әскерге барам деуші жастардың саны артып келеді. 

- Қазір бізде әскерге барғысы келетін жастардың қатары көп. Бұл қуантарлық жағдай. Әрбір азамат қажет жағдайда қасиетті Отанын қорғауға қашанда дайын болуы керек. Біз осыны бозбалаларға әр-қашанда ұғындыруға тырысамыз және осы жолда еңбек етудеміз, - деді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Болат Омаров.

Мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

Автор:
майор Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы