Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қорытынды тексеру сәтті аяқталды


12 октября 2021, 05:50 | 366 просмотров



Алматы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің барлық жеке құрамы жылда өткізілетін қорытынды тексеруді сәтті аяқтады.

Дайындық жоспарына сәйкес өткізілген қорытынды тексеріске аудандық, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаларының және облыстық департаменттің әскери қызметшілері 100% қатысты. Үш күнге созылған қорытынды тексеріс өз мәресіне жетіп, қорытынды шығарылды.

Қорытынды тексеріс бірнеше кезеңмен өткізілді. Яғни, атыс, дене, саптық, радиациялық, мемлекеттік-құқықтық даярлық, химиялық және биологиялық қорғау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары және тағыда басқа қызмет түрлерінен жеке құрам сынақтар тапсырды.

- Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне қарасты қала, аудандардың әскери қызметшілері орталыққа жиналып бір ауыздан қорытынды тексеріске қатысты. Қорытынды тексеріс нәтижесі бойынша жеке құрам тексеріске мықты дайындықпен келіп, жақсы деген бағаға тапсырды, - деді Алматы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Талғат Дәулетханов.

2021 оқу жылында Қарулы Күштердегі жауынгерлік сайыстың ұраны «Ұлы дала әскері - Тәуелсіздік тірегі» болғанын айта кетейік. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қорытынды тексеріс 2021 жылғы қараша айының соңынңа дейін жалғасады.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі