Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АДАЛДЫҚ ЖҮРГЕН ЖЕРДЕ, АДАМДЫҚ ЖҮРЕДІ


12 октября 2021, 06:58 | 2 668 просмотров



Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың неғұрлым тиімді әдістерінің бірі өскелең ұрпақпен, атап айтқанда студенттік аудиториямен жұмыс істеу. Осы орайда жасөспірімдер арасында жемқорлыққа қарсы көзқарасты насихаттай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізу шараларымен таныстырып, құқықтық сананы қалыптастыру мақсатында Алматы облысының ТжКБ оқу орындары «Sanaly urpaq» студенттік клубының кезекті слеті қазан айының 20-да өтпек. Бүгінгі тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып келген осы жасөспірімдерден жасақталған- еріктілер клубтары.

2018 жылдың 15 мамырынан бастап Талдықорған агро-техникалық колледжі белсенділері арасында «Sanaly urpaq» студенттік клубы құрылып, өз жұмысын атқаруда. «Sanaly urpaq» клубы қызметінің мақсаты: Жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі күні өскелең ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әрі нығайту, жастардың құқықтық білімі және мәдениет деңгейін арттыру бағытында белсенді студенттер қатарымен үздіксіз жұмыстар атқарылуда. «Sanaly urpaq» 2-4 курс студенттерінен жасақталған клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен колледжімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен студенттердің парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «МЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛАҢЫМ» атты видеоролигі жарық көрді. «Sanaly urpaq» клубының студенттері «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында Жетісу адалдық алаңы жобалық кеңсе агенттігінің мамандарымен «Жастар жемқорлыққа қарсы» акциясына қатысты, акция барысында- студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге шақырды.

2021-2022 оқу жылының қыркүйек айында Талдықорған агро-техникалық колледжінің 1-2 курс студенттерімен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында Жетісу адалдық алаңы жобалық кеңсе менеджері Ілияс Сайлаубайұлымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында: Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге шақырды. Аталған шараға барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып 150-ге жуық студент пен колледж педагогы қатысты. Сонымен қатар қыркүйек айының екінші жартысында  онлайн форматында білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылауға арналған конференция өткен болатын. Конференцияға республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңесінің жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы Токушев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Сағындықұлы Жұмабаев, Алматы облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Маманқызы Адамбекова және «Sanaly urpaq» клубтарының мүшелері мен колледжіміздің Жастар Саясаты комитетінің жетекшісі Жалғасбек Мухтарұлы Ибрайымов қатысты.  Сонымен қатар колледж студенттерімен «Жемқорлық -індет, оны жою міндет» тақырыбында  тәрбие сағаты мен «Біз - сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»  қабырға газеттері жарысы өтті. «Сапалы білім, жемқорлықсыз сессия» атты сауалнамасы оқу жылына бірнеше рет колледж студенттері арасында жүргізіліп, нәтижесі колледж сайты мен әлеуметтік желілеріне жарияланып отырады.

«Sanaly urpaq» Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің АО бойынша департаменті Жастар арасында ұйымдастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, адалдық, парасаттылық құндылықтарын насихаттауға қосқан үлесі үшін   «Sanaly urpaq» клубының  төрайымы ІІІ курс студенті Ілиясова Дария марапатталуы, колледж жалынды жастарымыздың елеулі еңбектерінің жемісі деп білеміз.

Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдік жолындағы колледждің белсенді «Болашақ» жастар ұйымының жалынды жастары сыбайлас жемқорлықтан азат елде өмір сүруге бағытталған патриоттық және бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыруға үлестерін қоса отырып, Талдықорған агро-техникалық колледжінің «Sanaly urpaq» клубы жұмысын үздіксіз жалғай бермек.

Автор:
Салтанат Бекмурзина, Талдықорған агро-техникалық колледжі тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а