Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Талдықорған қаласындағы НЗМ 4 сынып оқушысы Аңсар Несіпқали грэпплингтен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды


13 октября 2021, 10:26 | 207 просмотров



ARLAN GRIP CHAMPIONSHIP «KUZ OPEN - 2021 KIDS» атты Алматыда жас спортшылардың турнирі өтті, онда Қазақстан, Ресей және Тәжікстанның 950 үздік жауынгерлері чемпиондыққа таласты.

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 4 сынып оқушысы Ансар Несіпқали үшінші жыл бразилиялық джиу-джитсудан және грэпплингтен түрлі жарыстарға қатысып келеді. Бірқатар марапаттардың иесі бұл жолы да жақсы нәтиже көрсетті.

 Жалпы Ансар төрт жекпе -жек өткізді. Турнир соңында ол алтын медальді жеңіп алды.

- Ансар, болашағы бар спортшы. Ол өзінен үлкен балаларды жеңе алады. Өте тәртіпті, дарынды күрескер. Менің ойымша, алдыда оны үлкен жеңістер күтіп тұр. Біздің бастауыш сынып оқушыларының халықаралық аренада өнер көрсетуі қазірдің өзінде үлкен жетістік, - деп мектеп жаттықтырушысы Айдос Дюсентаев өзінің пікірімен бөлісті.

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің джиу-джитсудан спорт клубы 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде көптеген оқушылар халықаралық және республикалық жарыстарда чемпион атанды. Жарқын мысал - грэпплингтен Astana Open халықаралық турнирінің жеңімпаздары қазіп мектеп түлектері Ернар Өмірзақов пен Владимир Кан.

Автор:
НЗМ баспасөз қызметі