Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жас маман өнер аламанының жеңімпазы атанды


15 октября 2021, 05:49 | 821 просмотр



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті: «Біз әлемдік мәдени құндылықтармен үндес жаңа замандағы қазақтың озық мәдениетін қалыптастыруымыз керек», – деген сөздері бізге тың ой тастағандай. Мәдениет пен өнер бар кезде қазақтың жанған ошағын ешкім сөндіре алмасы мәлім.

Жастарды қолдау – болашақтың іргетасын қалау. Осы орайда алты алаш жастарының басын қосқан, Алаш өнер орталығының ұйымдастыруымен өткен халықаралық «ALASH STAR» өнер байқауында көркем сөз аталымы бойынша №4 орта мектептің ұстазы Сапармұрат Құрбаналиев бас жүлде алды.
Бүгінгі күнде жас ұрпақтың ой-өрісі жоғары болып дамуына, шыңдалуына сүбелі үлесін қосып келе жатқан жас маман, қаламыздың қоғамдық өміріне де белсенді атсалысады.
Заманның заңғар тұлғаларының бірі - Мыржақып Дулатов: «Алыстан алаш десе, аттанамын, қазақты қазақ десе мақтанамын», - деп айтқанындай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарымыз жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің бастауында тұрғанда бүгінгі жас ұрпақпен әрқашанда мақтанамыз.

 

Автор:
Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ