Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жас мамандар марапатталды


15 октября 2021, 05:56 | 1 691 просмотр



Ұстаздың абыройы биік болуы – бүкіл елдің абыройының асқақ болуының кепілі. Өркениетті елдердің барлығында ұстазға деген құрмет өте биік дәрежеде, өйткені ұстаз бүкіл бір ұлтты тәрбиелеп отырған басты тұлға. Сол себепті де ұстазды ұлағаттау әрбір саналы халықтың қоғам алдындағы мақсат-міндеті болғаны абзал.

Күні кеше қаламыздың мектептерінде өздерінің еңбек жолын бастап келе жатқан жас мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтау мақсатында Текелі қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен шара өтті.
Мәртебелі мамандық иелерін ұлықтаған жастар ұстаздардың еңбегіне табыс тілеп, ризашылықтарын жеткізді.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тегеурінді ақын да ұлы ұстаздың арқасында қанат қақты, белестерді бағындырды. Сондықтан білімнің қайнар көзіне айнала білген асыл жандар барлық құрмет пен қошеметке лайық.

Автор:
Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ