Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ұлт құндылығы - ұрпаққа аманат


15 октября 2021, 06:00 | 671 просмотр



Дін – адамдардың аражігін ажыратып, түрлі сенімге жетелейтін емес, керісінше барлық адамзат баласын біріктіруші күш. Кез-келген мемлекеттің идеологиялық басқару формасына жүгінсеңіз діни алауыздыққа жол бермеу мәселесін бірінші орынға қояды. Себебі – сенім орасан қайратқа ие.

Осы аптада Алматы облыстық дін істері басқармасының Текелі қалалық филиалының ұйымдастыруымен аға буын өкілдері қала жастарымен жүздесті.
Жиын қонақтары болған аға буын өкілдері Сәбит пен Шөкен ақсақалдар және «Шарапат-Сауап» корпоративтік қорының төрағасы Ф.Бүркітбай, «Абзал ана» халықтық ансамбілінің жетекшісі Г.Бектұрова, «Керімбек би» мешітінің бас имамы А.Айтбосынұлы, қалалық Ардаргерлер кеңесінің хатшысы Г.Омарава жастарымызға діни сауаттылық тұрғысынан ақпарат беріп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді.
“Үлкенді сыйлау - ұлылық” тақырыбында әңгіме өрбіткен жас мамандар жиын қонақтарына өздерінің көкейкесті сауалдарын қойып, ата-әжелеріміздің батасын алды.
«Заманына қарай адамы» демекші, әр мемлекет, әр ұлт, әр тұлға өзінің жеке ұстанымымен адымдап келеді. Бұл ретте діни наным-сенім мен түсініктің адамның өмірді қабылдау дағдысына да едәуір әсер етіп отырғанын аңғарамыз.
Сондықтан мектеп қабырғасы мен жоғары оқу орындарынан алатын тәрбие көзі тұнық болуы шарт. Сонда ғана толық кемелді, ұлтжанды, діни сауатты ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды аманат етіп қалдырамыз.

Автор:
Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ