Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Талбесік Патриоттық тәрбие – тәрбие негізі


15 октября 2021, 07:05 | 1 651 просмотр


Ұрпағымызды кеудесінде  намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды келешек ұрпақ тәрбиесіне аударуымыз қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі – патриоттық тәрбие.

         Ұрпақ тәрбиесі – бәріміздің адамзат алдындағы қарызымыз. Балаға отбасында ата-ана, балабақшада тәрбиеші, мектепте ұстаз саналы тәрбие беруі тиіс. Сонда ғана бала толыққанды тәрбие алған азамат болып қалыптасады.

Бүгінгі Қазақстан  жағдайындағы ұлттық патриотизмнің басты көрінісі – қазақтың ана тілінде сөйлеуі, балаларына ұлттық  тәрбие  беруі,  ұлттық мінез,  жүріс-тұрыс  әдетін  қалыптастыруы, ізет, құрмет, қайырым, мейірім тағы басқа сезімдерін дамытуы мектеп пен ата-ананың сабақтастықтағы жұмысының нәтижесі екендігіне күнделікті жұмыста көзіміз жетіп отыр. Дегенмен де, ең бірінші балаға ана тілінде сөйлеп, туған жерін сүюді бойына дарыту керек. Ол үшін ата-анасы да өз елінің нағыз патриоты болуы тиіс. Патриоттық тәрбие дегеніміз баласына қазақ тілінде амандасып үйретуден бастау алуы керек деп ойлаймын. Себебі біздің ана тілімізде сөйлеуіміздің өзі тәрбиенің мықты өзегіне айналуы керек. Бүгінгі күні қазақша шүлдірлеп, баласына бір ауыз қазақша сөз айтқыза алмайтын ата-ана көбейді. Бұл өте өкінішті жағдай. Сондықтан патриот ұрпақ тәрбиелеуді ана тілінде сөйлеуден бастағанымыз жөн. Сонымен қатар, патриоттық тәрбиенің мазмұны мынадай қасиетті қалыптастыруды көздеуі керек. Және де осы жолда көп еңбек етуге міндеттіміз. Атап айтар бослақ, баланың Отанын сүю және азаматтығын мақтан тұтуы, өз отанының болашағы үшін, мамандығы үшін қызмет етуі, ана тілін жетік меңгеріп сүйе білуі, халқының салт-дәсүрін, ерекшеліктерін білуі, дінге, тарихи мұраларға құрметпен қарауы, өз отандастары мен басқа ұлт өкілдеріне адамгершілік көзқарас білдіруі керек. Егер біз дәл осындай ұрпақ тәрбиелеу алсақ онда біз биік белесті бағындырдық деп кеуде керіп мақтана аламыз.

Патриоттық тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру үшін әр уақыттағы еліміздің басынан өткен тарихи оқиғаларды айта отырып, түсіндіру қажет. Оқушыларды тәрбие сағаттарында тарихи материалдарды оқыта отырып, ерлікке, жауынгершілікке, батылдыққа тәрбиелеу де отаншылдыққа тәрбиелеумен тікелей байланысты. Жас ұрпақтың бейбіт өмірі мен алаңсыз күндері үшін кеудесін оққа тосқан Ұлы Отан Соғысы және Ауған Соғысы әрдагерлерімен, желтоқсаншы батырлармен кездесу өткізу жастардың бойындағы патриоттық тәрбиенің мықты қалануына көп септігін тигізеді. Оқушыларымызға Талапты ауылының орталығында орналасқан Ұлы Отан Соғысында қайтыс болған ауылдас ардагерлеріміздің ескерткішіне гүл шоғын қоюды жыл сайынғы дәстүрге айналдырдық. Бұл жас өрендердің тарихты ұлықтауына, ата-баба ерлігіне бас июге, бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің қадірі мен қасиетіне терең бойлауына алып келеді.

 «Бір жылға жоспар құрсаң егін ек, Жүз жылға жоспар құрсаң ағаш ек, Болашаққа жоспар құрсаң баланы тәрбиеле», деп шығыс нақылында айтылғандай, жас ұрпақты патриоттық тәрбие негізінде тәрбиелесек егеменді еліміздің көк байрағы көк аспанда мәңгілік желбірей бермек. Олай босла, жас өрендерді тәрбиенің негізіне айналған патриоттық тәрбиемен тәрбиелейік дегім келеді.

Автор:
Қазбек НҰРТІЛЕУОВ, Талапты орта мектебі КММ-нің АӘТД оқытушы-мұғалімі, Талапты ауылы Көксу ауданы