Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бөлімде сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті


16 ноября 2021, 09:18 | 382 просмотра



Сарыөзек гарнизонындағы шабуылдау бригадасында мерзімді әскери қызметтерін абыроймен аяқтаған 2020 жылдың екінші шақырылымындағы 100-ге жуық сарбазды шығарып салу рәсімі өтті.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында – «Армияның әскери машығын ұдайы шыңдап отыру керек екенін айтты. Сондай-ақ мемлекет басшысы өзінің тапсырмасы бойынша біздің алдымызда жаңа тұжырымдама негізінде тегеурінді әскер қалыптастыру міндеті тұр деді.Аталмыш шараға бөлім командирі полковник Ержан Ембергенов, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері және ауған соғысының ардагері отставкадағы майор Шерғали Нұрғалиев пен бригаданың жеке құрамдары қатысты.Шара басында бөлімнің жауынгерлік туы саптық алаңға шығарылып, әскери оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстанның мемлекеттік ән-ұраны орындалды.Алаңда оқтай тізілген мерзімдік әскери қызметін өткерген сарбаздарды бригада командирі маңызды іс-шарамен құттықтап, қызмет өткеру кезінде жауынгерлік әзірлікті жіті меңгерген және антына адал болған біршама сарбаздарды алғыс хатпен және грамотамен марапаттады.Сонымен қатар, шара барысында сарбаздар саптық адыммен ортаға шығарылып, бөлімнің жауынгерлік туымен қоштасты. Оларға бір жылдың көлеміндегі әскери іс-шаралар мен оқу-жаттығуларынан естелік ретінде фотоальбом таратылды.Бұдан өзге, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, кәсіби шеберлігін арттырудағы талпынысы, жеке құрамды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелегені үшін, бірінші шабуылдау рота командирі Сардор Абукадировқа Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының атынан командирлік сағаты табыс етілді.- Бүгін қуанышты күн. Себебі Отан алдындағы борышымды өтеп, ата-анама жол тарпақшымын. Барша қарулас достарымды айтулы мерекелерімен құттықтап, сәт сапар тілеймін, - деді сарбаз Нұрдаулет Ордабек.Өз кезегінде жас сарбаздар әскер қатарында алған машық-дағдыларын көрсетіп, көпшілік алдында салтанатты маршпен жүріп өтті.Айта кету керек, биыл еліміздің әр аймақтарында өткізілген «Отпантау-2021», «Бекет-2021» ірі ауқымды оқу-жаттығуларына қатысып, мол тәжірибе алып, өз шеберліктерін көрсетіп, басқаларға үлгі бола білген және бөлімнің жауынгерлік әзірлігін жоғарлатуға өз үлесін қосқан сарбаздар да аз емес.

Автор:
Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығымайор Абзал Сартаев