Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әскери техника қысқы пайдалану мерзіміне көшірілуде


16 ноября 2021, 09:20 | 492 просмотра



Сарыөзек гарнизонында орналасқан артиллерия бригадасында қару-жарақ пен әскери техникаларды қысқы пайдалану кезеңіне көшіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан басқа, техникалық пайдалану құралдарын парктің технологиялық элементтерінің өртке қарсы құрылғыларына тексеріс жүргізілді.
Сонымен қатар, жеке құрамға қауіпсіздік шараларының талаптары, қызмет көрсету тәртібі және қысқы жағдайда техниканы пайдалану ерекшеліктері түсіндірілді.
– Қазіргі уақытта жетпеген немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен қосалқы бөлшектер мен басқа да материалдармен толық қамтамасыз ету және оны ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Әскери техника кез келген ауа-райына дайын болуы керек, – деді бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары подполковник Рустам Ищанов.
Әскери және арнайы техникаларды қамтамасыз ету, қару-жарақтың жағдайын тексеру, ақауларды жою бойынша барлық жұмыстар қараша айының соңына дейін жалғасады.

 

 

Автор:
Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығымайор Абзал Сартаев