Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әскери бөлімде командирлік дайындық өтуде


16 ноября 2021, 09:21 | 513 просмотров



Сарыөзек гарнизонында орналасқан артиллериялық бригаданың жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, бөлімнің батарея командирлерімен дайындық өтуде.Батарея командирлерінің жиынына бөлім командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары подполковник Шыңғыс Жұмашев басшылық етіп, командирлік дайындықты бөлімнің басқарма офицерлерімен нұсқаушылары өткізуде. Оның басты мақсаты – батарея командирлерінің жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудегі командирлік дағдыларын арттыру, сондай-ақ олардың жауапкершілік сезімін дамыту және арттыру.Барлық сабақтар санат бойынша кезең-кезеңмен бір айлық жиындық іс-шаралар әдісімен ұйымдастырылды. Оқу барысында батарея командирлері кәсіби даярлықтарын жетілдіруге өз пікірлерін білдірді. – Командирлік дайындық сабағы негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Ол командалық буын әскери қызметшілеріне лауазымдық міндеттерді орындау және іс-қимылдарды ұйымдастыру, қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерін, сабақтарды дайындау және өткізу әдістемелерін зерделеу үшін қажетті білім болып табылады. – деп түсіндірді подполковник Шыңғыс Жұмашев.Командирлік дайындық сабағы соңында батарея командирлерінің дайындық деңгейі бағаланып, үлгерімі бойынша рейтинг шығарылатын болады. Осындай командирлік жиын әскери бөлімде жылына екі рет өткізіледі.

Автор:
Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығымайор Абзал Сартаев