Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әскери бөлім жас сарбаздармен толықты


17 ноября 2021, 11:25 | 487 просмотров



Сарыөзек гарнизонындағы артиллерия бригадасы күзде әскер қатарына шақырылған жас сарбаздармен толықты.Биыл Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауында армияның әскери машығын ұдайы шыңдап отыру керек екенін, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың экономиканың нақты секторы үшін қажетті жұмысшы мамандығын игеру мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.Қазақстанның әр аймақтарынан келген 200-ден астам бозбала Сарыөзек гарнизонының артиллериялық бөлімінде Отан алдындағы әскери борыштарын атқаруға келді. Оларға тәжірибелі офицерлер мен сержанттар әскери қызметке бейімделуге көмектесіп, әскери мамандықтарға үйретеді. Жас сарбаздар бір айлық курста саптық дайындықты, жауынгерлік қарудан оқ ату дағдыларын, сондай-ақ жауынгерлік әскери техникалар мен қару-жарақтарды қолдану тәсілдерін меңгеретін болады. Қазіргі уақытта жас сарбаздар, жауынгерлік дайындықтың жоспары бойынша саптық, тактикалық, атыс, дене шынықтыру, медициналық дайындық сабақтарын оқуда. – Мен әскерге Отан алдындағы абыройлы міндетімді өтеу үшін келдім. Әскери бөлімде барлық жағдайлар қарастырылған, жаңа жауынгер достар таптым. Отан қорғау әр азаматтың қасиетті борышы деп білемін, – деді жас сарбаз Дамир Тастанов. Жас сарбаздардың жауынгерлік әзірлігі аяқталған соң, алдағы күнде өтетін ант қабылдау рәсіміне дайындықтарын жалғастыратын болады.

Автор:
Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығымайор Абзал Сартаев