17 ноября 2021, 11:32 | 2 131 просмотр
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсанында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты оқу-әдістемелік семинар өткізілді.
Семинарға Талдықорған қаласының білім беру ұйымдарының АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары мен Талдықорған қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың мамандары қатысты.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау, әскери дағдыны қалыптастыру мен әскери қызметке деген саналы жауапкершілікті ұғынуға тәрбиелейтін басты міндеттерді шешетіні айқын.
Семинар екі қатарлық сапқа тұрумен басталып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығындағы жетістіктермен алдағы бағыт белестер жөнінде баяндама жасалды. Одан кейін Назарбаев Зияткерлік мектебінің АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Куанышбаев Айбат АӘТД пәні бойынша ұйымдастыру және жоспарлау құжаттарымен таныстырып, Назарбаев Зияткерлік мектебінің АӘТД пәні бойынша оқу материалдық базасын көрсетті.
Сонымен қатар семинар барысында саптық дайындық бойынша, атуға ыңғайлануға жаттығу тәжірибелік сабақтары да өткізілді.
Семинар соңында кері байланыс сауалнамасы алынып, семинардың пайдасы зор екендігін қатысушылар мектеп әкімшілігі мен ұжымға өздерінің алғыстарын білдірді.