Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ


18 ноября 2021, 12:14 | 777 просмотров



І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Техникалық факультеті Агрономия және техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы техника ғылымдарының кандидаты  ұлағатты ұстаз  Джетимов Мырзабай Айтмұханұлын  60 жасқа толған  мерейтойымен шын жүректен  ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!!!

 Халқымыздың  даналары  алпыс - тал түс, алда әлі талай асулар мен белес - беделдер бар деп айтқандай,  Мырзабай Айтмұханұлы терең білім, берік ұстанымды, іскерлік қабілетімен танылған, көпшілік ортасында жаны жайсан-жомарт, қамқор да , сырлас та бола алатын қамқор жан, абзал қасиеттерімен әріптестер ортасында,  ұжымда  сыйлы, атына заты сай азамат,  білікті де білімді  ұлағатты ұстаз болып танылады.

      Осы тұғырда,  жер жаннаты Жетісудағы білім ордасының қара шаңырағы І.Жансүгіров атындағы  Жетісу  университетінде 1996 жылдан бастап еңбек етіп жүрген  ұстаз  Джетимов  Мырзабай Айтмұханұлының  өмір жолына зер салсақ.

       Ұстаз - Мырзабай Айтмұханұлы 1961 жылы 22 қазанда   Талдықорған облысы, Гвардия ауданы, Арал-Төбе ауылында дүниеге қарапайым қызметкерлер отбасында дүниеге келіп, есейіп кемелденді, ер жетті. 1979 жылы Аралтөбе орта мектебін бітірген. 1980-1982 жылдары Қарулы Күштер қатарында болды. 1982-1988 жылдары химия және биология мамандығы  бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-да оқыды. Университеті бітіргеннен кейін Талдықорған облысы Гвардия  ауданы  Шұбар ауылында  Чкалов атындағы орта мектепте химия және биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

        1996-2012 жылдары І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жаратылыстану-техникалық факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2012 жылдан бастап химия және биология кафедрасының аға оқытушысы, "Биохимия", "химия бойынша есептерді шешу әдістемесі", "Органикалық химия" және "химияны оқыту әдістемесі" пәндері бойынша зертханалық және практикалық сабақтар өткізген. Кафедрада студенттердің дипломдық және курстық жұмыстарына жетекшілік жасаған.   2016 жылдан І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде техника ғылымдарының кандидаты, 25.00.36 – геоэкология мамандығы бойынша Агрономия және техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.

      100-ге жуық  ғылыми және ғылыми-танымдық  мақалалары мен 2 монография, 1- оқу құралы және 2 оқу-әдістемелік құралды жарық көрді.

Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен адамгершілік қасиеттерін университет ұжымы бағалап, ректордың алғыс хаттар мен  грамоталарымен марапатталды.  

       Мырзабай Айтмұханұлы  бүгінде, үлгілі отбасы,  қамқор әке, адал жар, сыйлы азамат.  

        Мырзабай Айтмұханұлы – жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер, Сізге зор денсаулық,  шәкірттеріңіздің көп болуын және отбасыңызға  амандық тілеймін!

Ізгі ниетпен:  Қанағатов Жамбыл Жолдыбайұлы  Агрономия және техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы биология ғылымдарының кандидаты.

Автор:
Қанағатов Жамбыл Жолдыбайұлы