Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Жеті тұғыр» - киелі ұғым!


26 ноября 2021, 10:27 | 3 024 просмотра



Еліміздегі жетекші саяси ұйымы «Nur Otan» партиясының Саяси Кеңесінің отырысында Елбасымыз, ҚР Тұңғыш президенті Н.Назарбаев «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды. Бұл маңызды құжат еліміздің рухани дамуына өзінің бағытын береді.

Тәуелсіздік, бірлік пен келісім, жер, отбасы мен салт-дәстүр, ұлттық мәдениет, білім мен еңбек, прагматизм деп 7 түрлі бағытта бөлінген әр тұғырдың идеологиялық мәні зор, келешекке бағдаршам болар.

7 тұғырды негізге ала отырып, бәсекеге қабілетті қоғамда, технология дамып жарысып жатқан заманда жас буын өкілдері артта қалмауы парыз, ол ел келешегі үшін маңызды. Қағидаттар жиынтығы бірінші кезекте өскелең ұрпаққа арналған. Осы ретте, мемлекетті нығайтып, айбынды елге айналдыру жолында әр жас азамат тынымсыз еңбек етуі қажет. Елім десе жүрегі соғатын, Қазақстаным десе жанын беретін жастарда үлкен миссия, сүрінбеуі қажет, себебі олар ел болашағының жарқын кепілі.

Партия лидері Н.Назарбаев аталған құжат арқылы Тәуелсіздіктің негізгі жеті тұғырын тайға таңба басқандай анық көрсетіп берді.  Ендігі кезекте бүгінгі бағытымыз арқылы ертеңгі күнге үлгі болсын деп ел дамуына үлес қоса берейік!

 

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының хатшысы, облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ж.Жөргенбаев