Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Көңілді тапсырмалар»


2 декабря 2021, 07:43 | 960 просмотров



Мақсаты: Балалар пішіндерді, түстерді, сандарды ажыратады, айтады.
Шаттық шеңбер
Біз ерекше баламыз
Айтқан тілді аламыз
Достарымызды көргенде
Қуана қарсы аламыз
Сәлем, сәлем, сәлем
Ғажайып сәт
Топқа мектептен мұғалім келеді, ол балаларың білімін тексеру үшін балаларға арналған тапсырмалар береді.
Тапсырмалар
Балалар тақтаға шығап тапсырмаларды орындайды.
1. Биік- аласа ұғымын ажыратып айтады.
2 1-10 дейін санайды және кері санайды.
3 Фетр матасына бұлтар мен тамшылардың түстеріне қарай сәйкестендіріп ажыратып айтады.
4 Фетр матасына пішіндер мен түстерді айтып ажыратып орындарын тауып жапсырады.
5 Сандарды рет-ретімен фетр матасынан тігілген қалталарға салады.
6 Ойыншықтың сыңарын тауып атайды.
Сергіту сәтті
Орнымыздан тұрамыз
Қолды белге қоямыз
Бұрыламыз оңға бір
Бұрылыамыз солға бір
Біз үлгілі баламыз
Гүл-гүл жайнап жанамыз
Жаттығулар жасасақ
Жақсы сергігіп қаламыз

Ойындар (Воскобовичтің дамытушы ойындары)
1 Педагог жетекшілігімен ойын :“Ларчик кілемшесі”
Ойын шарты: Ларчик кілемшесіне сандарды мен таңбаларды орналастырып есеп құрастыру. (4К командалық жұмысістеу, сыни ойлау)
2 Құрылымдалған ойын: “Көңілді шаршы”
Ойын шарты: Үлгі кітапшаға қарап “Көңілді шаршыларды” құрастырып, түстерін атау.
(4К креативтілік , сыни ойлау)
3 Еркін ойын: “Саңырауқұлақтар ”
Ойын шарты: Саңырауқұлақтарды теріп санап орындарын орналастыр.
(4К сыни ойлау, коммуникативтілікті дамыту)
Қорытындылау
«Өрмекші» әдісімен қорытындылау. Жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекіту.Өрмекші сұлбасына меңгерілген материалды пысықтау мақсатында кезең-кезеңдерімен оқу қызметінде «не істедік»- деп тақырып бойынша қорытыныды жасау.
Мұғалалім балалардың орындаған тапсырмаларын қарап, күзде мектепте күтетінін айтып балалармен қоштасып топтан шығып кетеді.

Педагог балаларды мадақтай отырып бас бармақ көрсетілген смайлик таратып береді.

Автор:
Сакибелова Данагуль Болатхановна Алматы облысы Ескелді ауданы Жетісу ауылы «Балдырған» балалар бақшасының тәрбиешісі