Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Қ» дыбысы және әрпімен таныстыру.


2 декабря 2021, 07:45 | 1 472 просмотра


Білім саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу
Тақырыбы: «Қ» дыбысы және әрпімен таныстыру.
Мақсаты: «Қ» дыбысымен және әрпімен таныстырып,сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.Дауысты дауыссыз болып екіге бөлінетіндігі жөнінде түсінік беру. Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Сөздік қорын молайтып, есте сақтау қабілеттерін, қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Балаларды «Қ» дыбысы бар сөз,сөйлем ойлауға,үлкендерге құрмет көрсетуге баулу.
Көрнекілігі: Слайд, тақтақдағы әріптер,текшелер. дыбыстық талдауға арналған суреттер,
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, қызықтыру, ойын жаттығуы,әріп тақтасымен жұмыс.
Тәрбиешінің іс-әрекеті.
-Балалар,шаттық шеңберінде тұрып, келген қонақтарға назарларыңды бұрып сәлемдесіп алайықшы:
Амансыңба алтын күн!
Амансың ба көк аспан!
Амансың ба достарым!
Амансыздар ма қонақтар!
Сабағымызды бастайық,
Жамандықты тастайық.
Балалар қазір қандай мезгіл?
Күз мезгілінде неше ай бар?
Бір аптада неше күн бар?
-Сауат ашу оқу қызметінде біз нені үйренеміз?
-Әріп дегеніміз не?
-Дыбыс нешеге бөлінеді?
-Қандай,қандай болып бөлінеді?
-Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?
-Дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді?
-Дауысты дыбысты біз нестиміз?
-Дауысты дыбыс қалай айтылады?
-Дауыссыз дыбысыс қалай айтылады?
-Демек сауат ашу оқу қызметінде біз нені үйренеді екенбіз?
II. Жаңа сабақ.
- Бүгін біз тағы бір жаңа әріп өтеміз, ол үшін бізге мына жұмбақты шешу керек.
Жұмбақ: Қара күшік күзетте,
Ас ішпейді үрмейді.
Ол тұрған есіктен,
Ешкім үйге кірмейді.
Ол не балалар? (Құлып)
- Ал енді құлып сөзін буынға бөлейік.
- Құ-лып неше буын бар?
2 буын, өйткені 2 дауысты дыбыс бар.
- Құлып деген сөздегі ең бірінші тұрған қ әрпімен танысамыз.
- Қане айтып көрейікші.
- Қ дыбысы дауыссыз, көк текшемен белгілейміз.
- Қ дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
Қ дыбысына қатысты сөздер ойлау.
Қуат, Қанат, құлып, қасық, қарбыз, қарақат, құлын, қалам. қарындаш.
Балаларға қол шапалақтату арқылы сөздерді буынға бөлу.
Қу - ат, Қа - нат, құ - лып, қа - сық, қар - быз, қа - ра - қат, құ - лын, қа - лам.
IІІ. Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізге Қ әрпін жазамыз.
1. Тақтаға жазып көрсету.
2. Дәптерге жазып үйрету
Балалар бүгінгі өтілген «Қ» «әрпін ауада жазып,қолымызды жаттықтырып алайық) жазылуын түсіндіру.
-«Қ» әрпін тақтаға жазып көрсету.
-Ал енді қаламды үш саусақты біріктіре отырып, жазуға кірісейік.(Элементтерін түсіндіру) Денелерін тік ұстап,орындығымызды партаға жақын отырамыз.
ІV.Сергіту сәті:
«Қ» әрпін ауада жазып, қолымызды жаттықтырып алайық.
Қ әріпін саусақпен ауаға жазады.
V. Қорытындылау.
– Ал балалар, «қ» дыбысына байланысты тағы бір ойын ойнап бүгінгі оқу қызметімізді қорытындылап жіберейік.
Ойын: «Кім тез ойлайды?».
Ойын шарты: Үстел үстінде тұрған заттардың ішінен, ойынға шыққан бала «қ» дыбысынан басталатын затты таңдап алып, атын атау және сол сөзге сөйлем құрау.
(Ашық оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау).
(Қолдарын көтеріп,орындарынан тұрып жауап береді)
Ойынға шыққан бала қасықты алып «бұл қасық, қасық – қ дыбысынан басталады. Біз қасықпен тамақ ішеміз» сөйлем құрайды.Т.б сөздер.
Рефлексивті түзетуші
-Балалар біз кандай жаңа әріппен және дыбыспен таныстық?
-«Қ» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
-Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгіледік.
Олай болса дауыссыз дыбыстарды біз қандай текшемен белгілейді екенбіз?
VI. Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, марапаттау
-Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қ дыбысы дауыссыз дыбыс және оны көк текшемен белгілейтінін;
Игереді: Буынға бөлуді, дыбыстық талдау жасауды;
Білді: Қ дыбысынан басталатын сөздерге сөйлем құрауды.

Автор:
Алматы Облысы,Ескелді ауданы, Жетісу ауылы «Балдырған» балалар бақшасының тәрбиешісі Мырзакулова Мадина Турсынбаевна