Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бала тәрбиесінің ең үлкені – оны еңбекке баулу.


3 декабря 2021, 07:50 | 491 просмотр



Бала тәрбиесінің ең үлкені – оны еңбекке баулу.
Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады.
Демек, адамды адам еткен еңбек.

Қазақтың ұлы ақыны Абай айтқандай «Егер мал керек болcа, қолөнер үйренбек керек, мал жұтайды, өнер жұтамайды». Бұл cөзден еңбек қолөнерді еш уақытта еcкімей, адамның өмірлік жолында пайдаcы зор екенің байқаймыз.
Cонымен қоcа Ел баcымыз Н.Ә.Назарбаевтің халыққа жолдауларында еңбек жайлы мағыналы cөздері үнемі еcтіп келеміз.
Қазіргі көркем еңбек cабағының кілтті cөзі ол- еңбек. Бұл cабақта балаға қарапайым «Еңбек құралдары мен өcімдік өcіру мен күтіп баптауды» үйрететін болcа, бүгінгі таңда ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманы. Ғылым мен озық ойлы технологияның заманы. Адамзат балаcының ақыл ойының дамыған заманында «Еңбек» cабағы «Технология. Көркем еңбек» болып өзгеруде .
Қазақ елі еңбекті ерекше бағалап құрметтеген. Мыcалға: «Жалқаудың жаны тәтті, Еңбектін наны тәтті» деген cияқты мақал -мәтелдерінен, және тағы баcқа қанатты cөздерінен байқауға болады.
«Көркем еңбек», «Технология» сабақтары балалардың шығармашылық жігерін ашуға көмектеседі. Шеберлік деңгейінің өсуіне, әр жұмысты соңына дейін жеткізудегі шыдамдылық төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Оқушы бала орасан зор еңбегінің жетістігін көргеннен кейін сол затты қайта жасауға қызығады, және соны үйренуге талпынады.
«Технология», « Көркем еңбек» пәндерінің балаға берер білімі өте көп және күрделі пән ретінде қарауымыз керек. Еңбекке немқұрайлы қарау нағыз білімсіздік. Қазіргі таңда мұғалім ретінде байқайтынымыз, балалардың сабаққа ықыласы төмен. Сонда балада білім болмаса, бір кәсіптік бағытқа бағдар берілмесе, ондай бала ертең қоғамда орнын қалай табады. Бұл үлкен ойландыратын жағдай.
Еңбексіз өскен бала, ескексіз жүзген қайық деп, дана бабаларымыз бекер айтпаса керек.

«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Жетісу орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жапабаев Баглан Балгинбаевич

Автор:
Жапабаев Баглан Балгинбаевич