Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тәуелсіздік-басты құндылығы


6 декабря 2021, 07:14 | 341 просмотр


Биыл тәуелсіздік алғанымызға тура 30 жыл толып отыр.
Тәуелсіздік-Қазақстанның болашағына бастар жолдың бірден бірегейі. Бұл жолда еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегін айтпай кету мүмкін емес.
Ал басты құндылығымыз - «тәуелсіздікті» сақтап қалу бәрінің қолынан келе бермейді. Елбасымыздың ақылгөй, болашаққа жол бастайтын сындарлы саясаты Қазақстанды татулығы жарасқан елге айналдырды. 130-дан астам өзге ұлт өкілдерімен бір шаңырақ астында мекендейтін халқымыз жыл санап өсіп, өркендеуде. Атап айтсақ, дамыған 50 елдің қатарына кіруіміз, БҰҰ Ассамблеясында мүшелік етуіміз, ең бастысы-тіліміз мемлекеттік тіл ретінде қолданысқа енуі көрініс тауып отыр. Конституциямыз қабылданып, шегарамыздың нақты шегенделуі біз үшін басты жетістік. Сондай-ақ Қазақстан осы жылдар ішінде керегесі кең, әлемнің алпауыт дамыған, бәсекеге қабілетті елдермен бақталаса алатын күнге жетті. Қазақстан әлемдік мемлекеттердің түрлі саяси қауымдастықтарына, беделі зор ұйымдарына мүше мемлекет. 30 жыл біреуге көп, біреуге аз болып көрінер, бірақ та қиын қыстау кезеңді еңсеріп, болашаққа қадам бастық. Ел экономикасы нығайып, халқымыздың әлеуеті жоғарылады. Сол себептен тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының қарсаңында тәуелсіздігімізбен мақтана аламыз!!! Осы үшін байырғы ата-бабаларымызға айтар алғысымыз шексіз. Бұл күнді олар көп күтті. Ол-Тәуелсіз Қазақстан!
Осынау толғауға толы тарихымызды қысқа қайырсақ, тәуелсіздік дегеніміз-болашақ ұрпаққа аманат. Біздің мақсат-басты құндылығымыз тәуелсіздікті сақтап қалу және сол жолда күрескен тұлғаларымыздың үкілеген үмітін жерге қалдырмау. Қазақстанның даму жолында тәуелсіздіктің қандай жолмен келгенін түсініп, адал жолмен аянбай елдің дамуына өз үлесімізді қосуымыз қажет. Елбасымыз айтпақшы, тәуелсіздік-рухани жаңғырудың бастамасы болып қала бермек. Тек оны дұрыс жолда дамыту өз қолымызда.

Автор:
Бауыржан Құрманалиев, математика пәнінің мұғалімі.Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы.