Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТӘҢІР БЕРГЕН ТӘТТІ СЫЙ


14 декабря 2021, 11:37 | 2 220 просмотров



ТӘУЕЛСІДІК. Осынау бір ауыз сөздің қадірі мен қасиеті әрбір қазақстандық азамат үшін тым бөлек. Себебі бұл ЕГЕМЕНДІК, ЕРКІНДІК, ТЕҢДІК, БОСТАНДЫҚ деген алтын әріппен жазылған сөздер қазақ елінің маңдайына біткен жарық жұлдызбен тең. Қазақтың әрбір перзенті осы ТӘУЕЛСІЗДІК үшін 1986 жылы алаңға шығып, елім деп еңіреген, жерім деп жылаған талай боздақтың алдында мәңгі қарыздар екенін ұмыптаса деймін. Ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік Тәңірдің берген тәтті сыйы. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі биыл 30 жыл.
Ғасырлар бойы ата-бабамыз арман етіп, елі мен жері үшін қасық қаны қалғанша күресіп жеткен бұл тәуелсіздіктің біз үшін орны ерекше. Кеңес өкіметінің тоталитарлық жүйесінде бодан болған халқымыз бұл күнді қалай күтті десеңізші! Соңында бостандықтың арайлы таңы атып, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ атты ТӘУЕЛСІЗ мемлекет өмірге келді. Тәй-тәй басан кішкентай сәбидей мемлекет 30 жылдың ішінде аяққа нық тұрды.
«Өткенді айтпай, бүгінгі еске түспейді» дегендей кешегі тарихсыз біздің ертеңіміз бұлыңғыр. Алайда кеше мен бүгінгінің арасында қаншама қажырлы еңбек жатса да біз, ұстаздар қауымы бүгінгі ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗ ҰРПАҚТАРЫН мемлекетіміздің өсіп, өркендеуі жолында саналы тәрбие мен сапалы білім беру үшін бар күш-жігерімізді аямаймыз. Мектеп жасына дейінгі балаларға біз үнемі Отанымыз, еліміз, жеріміз жайлы айтудан шаршаған емеспіз. Балаларымыздың санасында кішкентайынан бастап елге, жерге, Отанға деген ыстық махаббат, адал құрмет сақталса деп қызмет етіп келеміз. Біз тәрбиелеген балапандарымыз саналы тәрбие алып, сапалы білім алып, сол білімді ұлттық тәрбиемен ұштастырып, халықтың дұрыс өмір сүруіне, әлеуметтік жағдайының жақсаруына арнаса деген тілегіміз ғана бар.
Отыз жылда орда бұзған Тәуелсіз Қазақстан биік белесті бағындырып, айқын мақсаттарға қол жеткізді. Елбасының көрегендігі мен іскерлігінің нәтижесінде жүргізілген саясатының арқасында Қазақстанды бүкіл әлем таныды десек артық айтқандық болмас. Егемен еліміз халықаралық қоғамдастықтағы беделін арттырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының одан әрі арта түсуіне әсерін тигізді.
Әрбір елдің болашағы өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, ержүрек, қайсар ел азаматын тәрбиелеуден бастау алады. Ендеше, ертеңгі елдің тізгінін ұстайтын білімді де білікті балаларды тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз.

Автор:
Алтынай ЕСЖАНОВА, "Қызғалдақ" бөбек-жай балабақшасының тәрбиешісі Мұқыры ауылыКөксу ауданы