15 декабря 2021, 04:01 | 2 500 просмотров
Мектептің білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, Жер бетінде тіршілікті сақтауда география пәнінің ролі өте зор!
География ғылымдарының жетістіктері мен қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерді ескере келе мектепке беріліп отырған әлеуметтік тапсырыс жас ұрпақтың географиялық сауаттылығы мен географиялық мәдениетін көтеру болып табылады.
Географиялық карталардың оқытудағы міндеті географиялық білімнің аса маңызды көзі. Көрнекілік дидактикалық тәсіл болып табылады. Көрнекі құралдар білім берудің ерекше құралы бола отырып, оқушылардың білімділік қасиеттерін – ойлау, сөйлеу, түсіндіре білу, баяндай алу амалдарын үйренуін қалыптастырады. География пәнінде ең басты көрнекілік құрал – карта. Картаның түрлері: тақта картасы, үстел үстіндегі оқулық картасы, кескін картасы. Географияны оқыту әдістемесінде карталармен жұмыс әстеуде үш мақсат қойылады: картаны түсіну, картаны оқу, картаны білу. География ғылымында ең негізгі құрал географиялық карта. Осы географиялық картаны құрастыру үшін бірнеше ірі компьютерлік бағдарламалар арқылы нақты, қолайлы етіп жасауға болады. Геоақпараттық жүйелері ауа – райын болжау, жер телімдерін анықтап құрылыс алаңдарын жоспарлауда, тіпті жер асты байлықтарын зерттеп, олардың қорларын болжауда үлкен рөл атқарып келеді.
Кескін картамен жұмыс: бұл жұмысты 5-ші сыныптан бастап үйрете беру керекдеп ойлаймын. Себебі материктер картасын кескін картаға салу кезінде оқушылар қатты қиналады. Ал бастапқы курсты оқу барысында оқушыларға түрлі-түсті бояу арқылы жер бедерінің азғантай бөліктерін салғыза отырып, олардың биіктіктерді ажырату, ойпаттардың, қырат-үстірттердің, таулардың бояуларын қалыптастыру дағдыларын дамытуға болады. Сондай-ақ өзен- көлдерді картаға түсіру дағдылары дамиды.
География сабағын оқытуда оқушыға ең бірінші картамен жұмыс жасай білуіне үлкен мән берілуі керек. Өйткені, оқушының пәнге деген қызығушылығын, географиялық ұғымдарды терең меңгеруіне жол ашу үшін осы бастапқы курста географиялық білім беруде картамен жұмыс жасауына баса назар аударуды қажет етеді.
Бұл мақсатқа жету оқушыны тек білім көзімен ғана қаруландыру емес, сонымен бірге картамен жұмыс жасай білуін практика жүзінде іске асыру.
Географиялық карталардың атқаратын рөлі.
Карта географиялық ұғымдардың басы мен аяғы. Картасыз кішігірім экскурсия, экспедицияға да шығу мүмкін емес.
Карта – саяхат, жррықтарда көмекші құралдың рөлін атқарып қана қоймай, сонымен бірге географиялық білімді тереңдетуге және кеңейтуге өз үлесін қосады.
Карта – географиялық ұғымдар арасындағы байланысты меңгерудің көмекші құралы.
Карта — географиялық заңдылықтарды жоғары дәрежеде анықтауға мүмкіндік береді, яғни кеңістікте орналасу заңдылықтарын және Жер шары бетіндегі құбылыстардың арақатынасын, жиынтығын және баиланысын анықтайды. Яғни, карта 7 географияның тілі.
Қорыта айтқанда, карта оқушының ойы мен көзқарасын ары қарай дамытып жетілдіретін көмекші құрал болуы тиіс.
Кескін картамен жұмыс жасаудың төмендегі негізгі әдістерін атауға болады:
Картаны оқу (географиялық жағдайын, шекарасын анықтау, әр елдер бойынша табиғат жағдайын сипаттау).
Бірнеше карта түрлерін алып салыстырмалы анализ жасау. Оларды глобуспен салыстыру.
Кескін картамен жұмыс жасау. (Кескін картаға түсіру техникасын меңгеру.)
Жазбаша берілген географиялық ұғымдарды өз бетімен карта сызба құрастыру дағдысында қалыптастыру.
Міне, сонда ғана оқушының география пәніне деген қызығушылығы артып, өз бетінше терең білім алуына жол ашылады.
Физикалық және экономикалық география курстарындағы статистикалық көрсеткіштердің маңызы және олармен оқыту үрдісінде жүргізілетін жұмыстар. Берілу тәсіліне байланысты мектеп географиясында статистикалық мәліметтердің негізгі топтары. Жеке (топтастырылмаған) көрсеткіштермен жұмыс жүргізу әдістері. Графиктер, программалар және статистикалық кестелердің танымдық мүмкіндіктері, оларды оқу әдістері. Сандық материалдардың ерекшеліктерін ескеріп графиктер, диаграммалар және статистикалық кестелерді оқытудың мазмұны және жүйелігі.
География курсының базалық білімін тереңдету мақсатында, пәнді мектеп курсында біршама кеңейтуге картография негіздерін оқыту қажеттілігін туғызып отыр. Картографиялық ұғым мектептегі географиялық білімнің құрамы болып табылады. Картография – географияның екінші тілі, себебі, кез келген географиялық номенклатураны оқу үшін картаны біліп, түсіну керек. Картографиялық материалдардың әртүрлілігі мен өзіндік ерекшеліктері оқушылардың іскерлік әрекетінің мазмұнын анықтайды.
Географиядан білім беру оқушылардың мәтінді ой көзімен түсіне оқып, жан-жақты талдау жасаумен ерекшеленеді. Тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиеленуі бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр. География пәнін оқытуда оқушының адамзаттық құндылықтарды игеруі жаратылыстану, табиғат байлықтарын, туған өлкенің байлықтарын түйсінуі арқылы бойына сіңірілмек. Ол үшін сабақта әр оқушының өзінің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерінің шыңына жету мүмкіндігін қамтамасыз ететін, құзыреттілігін қалыптастыратын оқу тапсырмаларын әзірлеу қажеттігі туындайды.Қазіргі кездегі жаңартылған білім беру негізінде оқу әрекетін ұйымдастыруда жеке тұлғаның өзін-өзі таныту тетіктерін, ғылыми ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды қамтамасыз ету қажеттілігі бірінші орында. Бүгінгі таңда педагогтің міндеті оқушыларды білім мөлшерімен жабдықтау емес, білімді өз бетімен алу үшін жағдай жасау болып табылады. Осыған орай, география пәнінің оқытылу сапасын жақсарту, оқыту әдістемесін ғылыми зерттеу нысанына ала отырып, соны ізденістер жасау, оны тікелей іс-тәжірибе арқылы дәлелдеуге қол жеткізу кезек күттірмейтін маңызды мәселеге айналуда.