24 декабря 2021, 07:15 | 1 553 просмотра
Маңызды мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған тиісті іс-шаралар іске асырылды. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашады.
Осыған орай, Талдықорған гарнизоны 54380 әкери бөлімінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік ел тұғыры» атты патриоттық іс-шара өткізілді.
Аталмыш шараның негізгі мақсаты әскери қызметшілердің туған өлкемізге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу болып табылады.
Іс-шара барысында бөлімнің бірқатар әскери қызметшілерінен өлең шұмақтары арналып, патриоттық әндер шырқалып, осы тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері туралы бейнероликтер көрсетілді.
- Ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке ие болғанымызға, міне, биыл 30 жыл. Шынында 30 жыл тарих үшін қас-қағым сәт болуы мүмкін, алайда ұлы даланың еруін ұлдарын қалыптастырып үгерді. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! – дейді 54380 әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Айбек Бодан.