Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әскери қызметшілер Тәуелсіздікке арналған кешке қатысты


24 декабря 2021, 08:04 | 2 078 просмотров



Жаркент гарнизонындағы барлаушылар полкінде әскери қызметшілердің ұйымдастыруымен, сондай-ақ Жаркент қалалық мәдениет үйі мен қалалық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл «Желтоқсаннан бастау алған егемен» атты тарихи кездесу кеші өтті.

Оның мақсаты – жеке құрамды отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Жалпы адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтарды жастардың бойына сіңіру.

Мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауында атап өткендей ең маңызды мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруымыз қажет деді.

Шара барысында кеш қонақтары «Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы, ең басты құндылығы», «Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктері» жайында сөз сөйлеп, оның мәнін терең ашып түсіндірді.

Одан өзге, қонақтар бөлімнің жеке құрамдарын келе жатқан Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.

Сондай-ақ қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары Тәуелсіздікке арналған әсем әндерін тарту етіп, ақындар арнауларын айтып көрермендерді тәнтті етті. Ал бөлімнің әскери қызметшілердің талантты балалары да патриоттық өлең-жырларын сусындатып көпшіліктің көңілінен шыға білді.

– Еліміз Тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Тәуелсіздік бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. Өткізілген әдеби шарадан рухани қуат алдық. Ұлттық өнерді қолдау арқылы ел руханияты да жаңа сатыға көтеріліп келеді, – деді бөлім командирінің орынбасары подполковник Мақсат Күншаев.  

Жиын соңында қатысушылар әскери қызметшілерге ризашылықтарын білдіріп, Отан қорғаудағы істеріне сәттілік тілеп, тарқасты.

Автор:
Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Абзал Сартаев