Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сарыөзек гарнизонында әскери мамандықбойынша даярлық жалғасуда


30 декабря 2021, 09:31 | 1 000 просмотров



Сарыөзек гарнизонында орналасқан артиллерия бригадасының жауынгерлік жоспарына сәйкес, бөлімнің жеке құрамымен мамандық бойынша дайындығы өтуде.

 

Аталмыш мамандық бойынша даярлық бөлімше командирлерінің басшылығымен жүргізіліп, оған оқу-материалдық базалары мен әскери техника және оқ-дәрілер бөлінді. Одан басқа 70-тен аса мамандық бойынша тәжірибелі офицерлер мен сержанттар құрамынан тағайындалған 90-ға жуық нұсқаушы маман және сабақ жетекшілері іріктелді. Сондай-ақ, бұл топтарда 600-ден аса әскери қызметшілер білімдерін жетілдіруде.

Дәрістер практикалық түрде жүргізіліп, жұмыстар тәжірибелік орындау әдісімен өткізіледі.

Сабақ барысында жеке құрамның зеңбірек пен жауынгерлік техниканы сауатты қолдана алуына, штаттық байланыс құралдарын игеруі мен алғашқы медициналық жәрдем көрсете білулеріне айрықша назар аударылды. Одан өзге әрбір маман жауынгерлік білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дәрежесін арттыруда.

– Қазіргі уақытта әскери қызметшілер мамандық бойынша дайындық сабақтарынан өтуде. Оның басты мақсаты – жеке құрамның атқарып отырған лауазымы көлемінде функционалдық міндеттерін, штаттық зеңбірек пен әскери техниканың материалдық бөлімін, оларды пайдалану тәртібін зерделеу болып табылады. Ал әскери қызметшілер даярлықтан алған тиісті білімдерін атқарып отырған қызметінде қолданатын болады, – деп түсіндірді бөлім командирі подполковник Шыңғыс Жұмашев.

Мамандық бойынша дайындық кезеңі аяқталғаннан кейін әрбір әскери қызметші оқу бағдарламасын, яғни атқаратын лауазымы мен арнайы міндеттерді меңгеріп, штаттық лауазымына қарай белгіленген стандарттар бойынша сынақтар тапсырады.

Жеке құрамның мамандықтар бойынша дайындық сабақтары 2022 жылдың 13 қаңтарына дейін жалғасатын болады.

Автор:
Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығымайор Абзал Сартаев