Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сабақты зерттеу -мұғалімнің кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіруге,зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған үдеріс


31 декабря 2021, 04:43 | 4 232 просмотра



«Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдырған қиынның қиыны»

Иоганн Гете

 

Қазіргі таңда сапалы білім беруге жоғары талаптар қойылуда. Солардың бірі- мұғалімдердің зерттеумен айналысуы. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Мектебімізде  «Сабақ үстіндегі зерттеу» үдерісімен үздіксіз жұмыс жалғасын табуда. №14 орта мектеп-гимназиясында «Сабақты зерттеу» үдерісін мектептің дамыту жоспарының  басты бағыттарының бірі ретінде енгізіп, жобалық қызмет, сабақты зерттеу, іс-әрекетті зерттеу, мектеп көшбасшылығы мен басқару желілік қоғамдастық қызметі арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде.

Сабақты зерттеу «Зерде» тобының сұрағы: Сабақта «5 сұрақ, 5 жауап» стратегиясы арқылы 4Г сынып  оқушыларының айтылым дағдысын қалай дамытуға болады?

Мақсаты:

  • Сұрақтар белгілі бір мәтін немесе тақырыпқа сай әзірленуі қажет;
  • Сұрақтарды құрастырғанда нақты терминологияны, күнделікті тілді, түсінікті, терминдерді пайдаланған жөн.
  • Сұрақтар логикалық сәйкестікпен қойылуы керек. Жеке сипаттағы немесе күрделі сұрақтар  соңында тұруы тиіс;
  • Сұрақтарды: қарапайымнан – күрделіге, жалпыдан – арнайыларға отырып қою керек дегендей қағидаларды сақтау қажет.
  • Ең бастысы оқушының жас ерекшелігіне сай сұрақтар қатарын әзірлеу басты назарда болуы шарт .

Өзекті проблема:

  • Оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті;
  • Оқушылардық әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі
  • Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты
  • Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі
  • Оқушылардың қатысымдық ақпараттық проблемаладың шешімін табу құзіреттіліктерінің бірлігі

Бірінші қадам – осы сыныптағы проблеманы анықтау болды. Осы мақсатта осы сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері сабақтағы проблемаларын зерттеу тобының бұрышына жазып, бірнеше проблемалар анықталды. Проблеманы шешу үшін зерттеу «Оқушыларының айтылым дағдысын қалай дамытуға болады?», «Ол үшін қалай жұмыс жасаймыз?», «Қандай әдіс-тәсілді қолданамыз?» – деген сұрақтар айналасында талқылау жасалынды. Осы талқылаудағы ұсыныстарды және оқушы үнін ескере отырып Сабақта «5 сұрақ, 5 жауап» әдісі арқылы 4Г сынып оқушыларының айтылым дағдысын қалай дамытуға болады? зерттеу сұрағы бойынша зерттеу сабағын жүргізуді жоспарладық.

 

«ЗЕРДЕ» зерттеу тобының құрамы мен атқаратын қызметі

Топ мүшесі

Топтағы рөлі

Атқаратын қызметі

Құндылықтар

1

 

Салтакова Лязат Касымбаевна бастауыш сынып мұғалімі, зерттеуші-педагог.

Топ жетекшісі

Зерттеуші.

Топ отырысын ұйымдастырушы. Сабақтарға қатысу. Кері байланыс жүргізуші. Жұмыс жоспарын құру. Оқушыларды бақылау. Топтан тыс тәжірибені тарату. Сынып жетекшілік атқарады.

Ынтымақтасқан іс-әрекет, іс-тәжірибе бөлісу, бірлескен жоспар біліктілігін жетілдіру, кәсіби жағынан даму

2

 

Оразбаев Шалқар Елісұлы

Зерттеуші-педагог.

Музыка пәні мұғалімі.

Зерттеуші.

Бақылаушы.

Топ отырысына қатысу. Сабақтарға қатысу, кеңес беру. Жұмыс жоспарын құру. Кері байланыс жүргізуші. Оқушыларды бақылап, сұхбат жүргізу. Зерттеу сабағын жүргізу. Бақылау парағын әзірлеу.

Ынтымақтасқан іс-әрекет, іс-тәжірибе бөлісу,бірлескен жоспар біліктілігін жетілдіру, кәсіби жағынан даму

3

 

Тубекбаев Сакен Еретаевич сарапшы-педагог, дене шынықтыру пәні мұғалімі

Зерттеуші, бақылаушы

Топ отырысына қатысу. Сабақтарға қатысу, кеңес беру. Жұмыс жоспарын құру. Кері байланыс жүргізуші. Оқушыларды бақылап, сұхбат жүргізу. Зерттеу сабағын жүргізу.

Ынтымақтасқан іс-әрекет, іс-тәжірибе бөлісу,бірлескен жоспар біліктілігін жетілдіру, кәсіби жағынан даму

4

 

Батырбек Айман Батырбековна  Екінші санатты орыс тілі мұғалімі.

Бақылаушы.

Хатшы.

Топ отырысына қатысу

Зерттеу сабағын жүргізу.

Оқушыларды бақылап, сұхбат жүргізу. Хаттама жазу.

Ынтымақтасқан іс-әрекет, іс-тәжірибе бөлісу, бірлескен жоспар біліктілігін жетілдіру, кәсіби жағынан даму

«Сабақты зерттеу» - сабақтың сапасын жақсартатын үдеріс. Оның құрамына сабақты жоспарлау, сабақ жоспарын талқылау, өткізілген сабақты зерттеу, сабақтан кейінгі талқылау енеді. Топтағы мұғалімдер бірлесіп сабақ жоспарын құрып, оны белсенді түрде талқылап, не бақылайтындығын, оқытудың қандай дәлелдемелерін жинайтындығын анықтай отырып, өзгертулер енгізіп отырды.  Алынған бақылау нәтижелерін қарастырып, сабақты жақсарту мақсатында келесі сабаққа бағыт алуға мүмкіндік алды. Алайда кез келген жағдайдың шешімін табуға болатынын естен шығармайық. Әсіресе сабақ барысын бейнежазбаға жазу, сабақты талқылау кезінде қайта қарастыруға оңтайлы мүмкіндік болды. Сабақты зерттеу барысында зерттеуші мұғалімдер бірнеше әдісті сынақтан өткізіп, 4 сабақтың үлгілі  жоспары құрылды.

Нысанаға алынған сынып: 4 «Г» сыныбы

Мерзімі

1-цикл

Зерттеу сабағын  өткізуге жауапты мұғалім

Сабақты жүргізу күні

Сабақтың тақырыбы

Пәні

Кабинет

Желтоқсан

Салтакова Лязат Касымбаевна

27.12

«Құмға салған сурет» зерттеу сабақ

Әдебиеттік оқу

122 кабинет

Желтоқсан

Тубекбаев Сакен Еретаевич

27.12.

«Спорт ойындары, волейбол» зерттеу сабақ

Дене шынықтыру

Спорт зал

Желтоқсан

Батырбек Айман Батырбековна

28.12

«Изменения погоды дарят нам явления природы» зерттеу сабақ

Орыс тілі

1-топ

122 кабинет

Желтоқсан

Оразбаев Шалқар Елісұлы

28.12

«Әуелеген әсем әуен» зерттеу сабақ

Музыка

122 кабинет

Бұл әдіс ақпарат жинақтауға арналған, ол сондай-ақ оқушыларға мәселені терең зерделеуге немесе оны шағын тақырыптарға бөлуге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінуге көмектеседі.«Бес сұрақ, бес жауап»  әдіс іс-әрекетті жоспарлауға және мақсат белгілеуге ықпал етуі мүмкін, әртүрлі мүмкіндіктерді қарастыруды көздейді. Ақпарат жинақтауға арналған тапсырмалар үшін осы әдіспен бірге «Стикерлер топтамасын» қолдануға болады.Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы,  тапсырмаларды талқылауы бір-біріне білім мен дағдыларды үйрете отырып, тақырыпты терең түсінуіне жол ашады. Оқушылардың өз үлгерімі туралы ойланып, әрі қарай не істеу керектігі туралы шешім қабылдауына мүмкіндік ала отырып, тапсырманы күрделендіріп, оқушылардың оқуға деген уәжін арттырып отырады. Оқыту процесінде білім алушының қойылған оқыту мақсаттарын түсінгендігін растау ретінде басқа да оқу міндеттері қойылып және тиімді сыныптық пікірталас қалыптасқаны маңызды. Мұғалімнің тұрақты түрде кері байланыс жасауы білім алушыларды алға қарай жылжуға, жақсы нәтижеге жетуге ынталандыратын болады.

Сонымен қатар, кері байланыс әрекеті сабақтың әр кезеңінде қолданылып, мұғалімнің оқушымен үздіксіз қарым-қатынаста болып, оқыту үдерісін ары қарай жоспарлауға және түзетіп отыруға жағдай тудырады. Бұл оқушылардың нені біліп, нені білмегенін айқындайды.

Бақылауға алынған оқушыларда қандай өзгерістер байқалды?

А-оқушы сабақта өз ойын айтуға ұмтылады, берілген  тапсырманы орындады. Тапсырманы орындау барысында кейде сұрақтар қояды. Мұғалім қойған сұраққа жауап береді. Сабаққа белсенділігі артты .

В-оқушы сабақ үлгерімі жақсы, бәрін түсініп, өз бетінше тапсырмаларды орындай алады, сабақта белсенділік таныта арқылы топта бірлесе жұмыс жасап, топ ішінде өзгенің пікірімен санаса біледі. Тапсырманы түсіндіруді өзі емес топтағы басқа оқушыға ұсынды.

С-оқушы өте белсенді, сабақ үлгерімі өте жасқы оқитын оқушы. Ойлауы қабілеті жоғары. Өз ойын толық жеткізе білді. Балалармен қарым-қатынасы жақсы. Лидерлік қабілеті жоғары. Мәтінмен жұмыс істегенде, негізгісін сұрыптай алады, жаңа тақырыпты түсіндіруде белсенділік көрсетеді. Тапсырманы түгелдей дұрыс орындайды. Басқа оқушыларға топта ойын айтуға мүмкіндік береді, лидерлік қабілеті жоғары.

Зерттеу барысында қандай кедергілер туындады. Қандай күтпеген жағдайлар болды?

А-оқушы сабақта бірлесе жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге дағды қалыптасты.

В-оқушы Мұғалім сұрағына ғана жауап беру емес, басқа уақытта да өзінің ойын ашық жеткізіп, сабақта белсенді болуға ұмтылды.

С-оқушы сабақта белсенді жұмыс істеді тапсырманы өзі жеке орындап, өзге топ мүшелерінен бөлек өз нұсқасын ұсынды. Оның орындаған жұмысын бірлесе топ болып постер құрастырды.  Күтілген нәтижеден де әрекеті  өте жақсы болды.

Болашақ тәжірибеде оқушының қалай оқу керектігін үйренуіне көмектесетін қандай әрекеттер жоспарлауға болады? Болашақ тәжірибеде оқушының қалай оқу керектігін үйренуіне көмектесетін әрекеттер жоспарлау, сонымен қатар топтық, шағын топтық, жұптық жұмыстарды сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, әр деңгейдегі оқушыға бағытталған тапсырмаларды дұрыс таңдау, зерттеу барысында оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, әр оқушылардың білімі мен белсенділігін арттыруда ықпал ету.

Сынып оқушыларын көбірек ойынға, бірлескен жұмысқа бағыттағанда ғана балада креативті ойлау дағдысы дамып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Олар оқушының креативті ой-санасын дамытып ойлануды үйретеді. Міне, оқушыларды тиімді оқытуда «5 сұрақ, 5 жауап әдісі» жүйелі, бірізді екеніне сенімдіміз.

Қорыта келе, біздің «Зерде» зерттеу тобының қолданған «5 сұрақ, 5  жауап» әдісінің жағымды жақтары көп болды, ол сабақ барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасынан байқауға болады.

Нәтиже:

  • Оқушының оқуы жақсарады.
  • Функционалдық сауаттылығы дамиды.
  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады.
  • Сыныпта ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады.
  • Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.

Зерттеудегі мұғалімдер әр сабағын зерттеу лабораториясына айналдырып, туындаған кедергілерді шешуге бірлесе ұмтылып, өз тәжірибесін жақсарту мақсатында жүйелі жұмыс атқаруда. Бүгінде мектепте мұғалімдердің бірлескен оқу ортасы қалыптасып, жобалық және зерттеушілік  жұмыстар  мен мектептің әдістемелік  жұмысының аясы  кеңейе түсуде. Зерттеу соңында ұжым әріптестеріне ұсынылып, жарияланым жасалды. Зерттеу іс-құжаттары мен дәлелдемелер  виртуалды кабинетте жинақталды. Зерттеу сабақтары мектебіміздің Ютуб  каналында жарияланды.

Сабақты зерттеуде мұғалімдер өзара білім мен тәжірибе алмаса отырып, кәсіби қоғамдастық құруға септігін тигізді.Мұғалімдердің зерттеу тәсілін ортаға салып тәжірибе алмасуы тек қана өз мектептерінде ғана емес, сонымен қатар қалалық, облыстық көлемде ұйымдастырылған шаралардан көрініс тапты. Ендеше бұл сабақты зерттеу тәсілі мектеп мұғалімдерінің қызығушылығын оятып, дамуына үлес қосатын оң нәтиже болып отыр. Өткізілген іс-шараларда тек қана озық тәжірибелерді ғана көрсетіп қана қоймай, одан шығу жолын іздестіруге бірлескен оқу жұмыстары да орын алады, бұл дегенімен кез келген мектептер мен әріптестер арасындағы ынтымақтастықты, білім берудегі жауапкершіліктің бар екендігін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

Автор:
Оразбаев Шалқар Елісұлы, №14 орта мектеп-гимназиясының педагог-зерттеуші, музыка пәні мұғалімі,педагогика ғылымдарының магистрі