Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бірлік– тұрақтылықпен дамуға жол ашады


14 января 2022, 06:48 | 3 555 просмотров



Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев Мәжіліс депутаттарына еліміздің жаңа премьер-министрі лауазымына Ә.Смайыловты ұсынып, елдің алдағы даму жолына арналған саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Президентіміз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының жарқын үлгісін көрсетіп, ел ішінде қордаланған өзекті мәселелерді атап өтіп, әр бағыт бойынша жік-жігімен жол картасын да белгілеп берді.
«Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» деп аталған президент баяндамасында еліміздің құқық қорғау, қоғамдық әрі ұлттық қауіпсіздік саласындағы жүйелі реформалар, қорғаныс, әскер саласына материалдық-техникалық қолдау, ұлттық қор, банктер, кеден бағытындағы жұмыстарға ревизия, ауыл шаруашылық саласындағы мәселелерді назарда ұстау сынды сұрақтарға аса мән берді.
Сонымен қатар мемлекет басшысы ҰҚШҰ (ОДКБ) бітімгерлерінің елде қалу мәселе бойынша нық жауабын беріп, алдағы 2 күнде толығымен шығарылатынын жеткізді.
Әлбетте, бұндай жұмыстарды іске асыру жолында өңірдің барлық деңгейіндегі 300-ден аса маслихат депутаттары бір кісідей болып атсалысуға, жүзеге асыруға әрқашан дайын.
Ең бастысы біз осындай сын сәтте бірлігімізді көрсете біліп, алға қойған мақсат-міндеттерді іске асыру жолында аянбай еңбек етуіміз парыз. Қоғам бір орында тұрмайды және біз әрқашан алға жылжып, бәсекеге қабілетті қоғамды құру жолында экономикамен ішкі саясатымызды тұрақтандарып, дамудың нәтижесін барлық қазақстандықтар көре білуі қажет.

 

Автор:
Жанболат Жөргенбаев, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы