Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Экстремистердің әскери ортаға енуіне жол бермеу


24 февраля 2022, 11:17 | 4 673 просмотра



 

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Талдықорған гарнизоны әскери прокуратурасы қызметінің күш-жігері Елбасы Жарлықтары мен тапсырмаларынан, қылмыспен күресу бағдарламаларынан, Бас прокуратураның алқа шешімдері мен салалық бұйрықтарынан туындайтын міндеттерді тиімді әрі уақытылы орындауға жұмсалды.

Осымен бірге, террористік және экстремистік тұрғыдан осал әскери объектілердің қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтау жұмысы біздің тұрақты бақылауымызда.

Экстремизм мен терроризм – кез келген, тіпті ең тұрақты және гүлденген қоғамға нұқсан келтіретін үлкен қауіп.

Қоғамдық ортадағы террористік және экстремистік көріністерге қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі олардың алдын алу болып табылады.

Жалпы, әскери бөлімдер мен мекемелерде қандай да бір заңбұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеу мақсатында әскери прокуратурамен құқықтық түсіндіру шаралары жүргізіледі.

Бүгінгі таңда Дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында халықаралық терроризмнің идеологиясы ретінде белең алып келе жатқан зорлық-зомбылық экстремизмі діни ұрандарды жамылып, мәдени және діни салаға елеулі зиян келтіруде, рухани мұра, дін беделіне нұқсан келтіреді, конфессияаралық қатынастарға, қоғамдық келісімге қауіп төндіреді.

Сондықтан, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жас балаларымыздың деструктивті діни ағымдар қатарына тартылу қаупі, өкінішке орай, әлі күнге дейін ашық күйінде қалып отыр.

Осыған байланысты, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясаттың басым мәселесі деп айтуға болады.

Әскери бөлімдерде әскери қызметшілермен ай сайынғы «Прокурор сағаты» сабақтарын өткізіп, бұл тұрғыда дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын жеткізуде жұмыстар атқарылады.

Бұл ретте әскери прокурор өскелең ұрпаққа, әсіресе әскерге шақырылғандарға ерекше көңіл бөлу қажет деп есептейміз.

Мұндай іс-шаралар өте қажет, өйткені қазір тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде деструктивті діни ағымдар өте көп, олардың ықпалында адам біліммен қаруланбаса құлап қалу өте оңай.  «Ақпарат қарулы» дегендей.

Сондықтан, әскери прокуратура, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті және ҚР ҰҚК Әскери Қарсы Барлау Бөлімі, әскери полиция өкілдерімен, сондай-ақ дінтанушылармен және ғылым саласындағы танымал сарапшылармен бірлесіп  жеке құрамы арасында профилактикалық сабақтар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын көбірек өткізуге тырысамыз.

Аудиторияда әскери құқық қорғау органдарының қызметкерлері еліміздегі діни ахуал туралы толық мағлұмат беріп, діни экстремизм туралы деректі фильмдер көрсетіп, дәстүрлі емес діни конфессиялар қызметінің ерекшеліктерін түсіндіріп, барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап береді.

Жастар экстремистік сипаттағы дәстүрлі емес діни ағымдарға жиі тартылатындықтан, әрбір сарбаз рухани бағыттағы адамдармен өте сақ болуы керек екенін айтқан жөн.

Автор:
Талдықорған гарнизоны әскерипрокуратурасының аға прокурорыәділет капитаны Апеков Бауржан Бекболатұлы